Алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
- Алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2016 жылғы 25 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.