ТАРАЗ. 24 наурыз. Бүгінде Жамбыл облысындағы орман қорының жалпы аумағы 4,4 млн. гектар. Оның орманды жерлері 2,2 млн. гектар. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жалпы орман қоры жерлері облыс аумағының 31 пайызын алып жатыр. Өткен жылы осы салаға жергілікті бюджеттен бөлінген 703 млн.теңге толық игерілді. Оның ішінде мекемелерді ұстауға 561 млн. теңге, оларға техникалар мен жабдықтар алуға 45 млн.теңге, өртке қарсы шаралар жүргізуге 32 млн.теңге жұмсалды. Орман тұқымбақтарын қалпына келтіруге және орман ағаштарының көшеттерін өсіруге 14,5 млн. теңге бөлінді.
«2015 жылдың ерте көктемінде орман қоры аумағына сексеуіл және тағы басқа орман көшеттері арқылы 1600 гектарға жаңадан орман ағаштары отырғызылды. Күзде 3400 гектарға сексеуіл алқаптарын тұқымдары арқылы себу жұмыстары жүргізілді. Күзгі санақтың нәтижесі бойынша 4560 гектар жер орман көмкерген алқапқа ауыстырылды. 2016 жылы ормандарды қалпына келтіру және жаңадан орман өсіру шараларын іске асыруға 43,3 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаржының есебінен ерте көктемде орман қоры аумағына сексеуіл және тағы басқа орман көшеттері арқылы – 900 гектар жерге жаңадан орман ағаштары отырғызу, күзде 4100 га көлемде сексеуіл алқаптарын тұқымдары арқылы себу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Ханалиев.
Өңірдегі ормандарды қорғау, олардың қорын молайту және жаңадан орман өсіру шараларымен 14 орман шаруашылығы мекемелері мен «Ормандарды қорғау жедел қызметі» айналысады.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 24 Наурыз, 2016
Жамбыл облысында 3400 гектар жерге сексеуіл тұқымдары себілді

«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15
Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады
Экономика • Бүгін, 16:59
Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді
Денсаулық • Бүгін, 16:20
Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 16:13
Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57