28 Наурыз, 2016

Қарағандыда Серік Сәпиев полицейлерге шеберлік сабағын өткізді

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-03-2016 sapiev 2ҚАРАҒАНДЫ. 28 наурыз. Қарағандыда Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев полиция қызметкерлерін жаттықтырды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Серік Сәпиев Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полициясы полкінің жеке құрамымен кездесіп, шеберлік сабағын өткізді. Чемпион бір сағатта тәртіп сақшыларына бокс жаттығуларын көрсетті. «Бұл – мен үшін үлкен құрмет. Қоғамдық тәртіпті сақтау ісіне аз да болса үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Тәртіп сақшылары кәсіби тұрғыда өз ісінің үздігі болу үшін білгенімді үйретуге тырыстым», – деді Серік Сәпиев. Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полкінің командирі Сымбат Төребеков Олимпиада чемпионына шеберлік сыныбын өткізгені үшін алғыс айтты. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.