АСТАНА. 28 наурыз. Әлеуметтік желіде апатты жағдайдағы ұшақты жерге қондырып, талай адамның өмірін сақтап қалған Bek Air әуе компаниясының ұшқыштарына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы ұсыныстар айтылып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл оқиға кеше таңертең болды. BekAir әуе компаниясының «Фоккер-100» типті ұшағы Қызылорда қаласынан бағыт алып, Астана әуежайына жақындағанда шассидің алдыңғы тіреу тағанынсыз апаттық жағдайда жерге қонды.
Ұшақ Астанаға сағат 9.45-те қонуға тиіс болатын. Алайда өрттің шығу қаупін азайту қажет болған соң, ұшақ әуеде тағы 50 минуттей ұшып жүрді. Сөйтіп, ол сағат 10.36-да қонды. Оның бортында 116 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды. Ұшақ экипажының арқасында 116 жолаушы аман қалды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Сонымен бірге Астана әуежайы мен қаланың шұғыл қызметтерінің үйлесімді жұмысын да атап өту керек. Ұшақ жерге қонғанда қосымша 7 өрт техникасы мен 4 жедел жәрдем мәшинесі әзірленді.
«Қазіргі кезде Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Зерттеу нәтижесі кейінірек хабарланатын болады. Bek Air әуе компаниясы ұшағының Астана әуежайында апатты жағдайда қонуының себебі анықталады», деді министр Әсет Исекешев.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: egemen.kz

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54