АСТАНА. 29 наурыз. Елімізде 1 сәуірден бастап паспорт пен жеке куәлік екі жұмыс күнінде беріледі. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, 1 сәуірден бастап Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында құжат шығару орындары болған соң, құжаттар енді екі жұмыс күнде жасалады. Басқа облыс орталықтарында 4 күнде беріледі.
Бұған дейін құжат дайындау орталықтары Астана мен Алматыда ғана болған. Сол себепті құжаттарды дайындау көп уақытқа созылып кететін. Осыған байланысты Шымкент пен Ақтөбеде жеке куәлікті беру уақытын қысқарту үшін жаңа орталықтар ашылған.
Дастан Кенжалин.
Дерек: Ішкі істер министрлігі.
Сурет: egemen.kz

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Кеше