01 Сәуір, 2016

Мектеп оқушысы Вьетнамда өтетін олимпиадаға қатысады

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01-04-2016 olimpiada 1ӨСКЕМЕН. 1 сәуір. Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Анель Оразғалиева Көкшетау қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада І орын иеленді. Бұл туралы аталған мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Анель бұған дейін 9-10-сыныптарда республикалық олимпиадаларда жүлдегер атанған. Ал 2013-2014 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Шымкентте өткен республикалық олимпиаданың ІІІ іріктеу кезеңінде ІІ орынды, сонымен қатар осы олимпиаданың Өскемендегі кезеңінде ІІІ орынды иеленді. АҚШ-та студенттерге арналған FLEX бағдарламасы бойынша бір жыл білім алған. Биология пәнінің мұғалімі Татьяна Джежерянің айтуынша, Анель Оразғалиева 12-ші сыныптың оқушысы және жоғары деңгейдегі жарысқа қатысу мақсатында білімін жетілдіруде. Республикалық олимпиададан кейін Астана қаласында пәндік білімін тереңдете түсуге мүмкіндік алды. Биыл мектепті тәмамдайтын ол жазда Вьетнамның Ханой қаласында өтетін XXVII халықаралық IBO олимпиадасына биология пәні бойынша қатысуды жоспарлап отыр. Думан Анаш. Дерек, фото: Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі. 01-04-2016 olimpiada 3 01-04-2016 olimpiada 2