02 Сәуір, 2016

Вьетнамның жоғары билігінде – тұңғыш әйел

309 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Әлем-жәлем әлем 01-04-16-nguen-thiВьетнамның тарихында елдің жоғарғы билігіне ең алғашқы әйел көтерілді. Ұлттық жиналыс (парламент) төрайымы болып Нгуен Тхи Ким Нган сайланды. Конституция бойынша елдің ең жоғары билігі болып табылатын парламент спикері лауазымы үшін таласқа түскен 62 жастағы Нгуен жиналыс мүшелерінің 95,5 пайыздық дауысына ие болды. Бұдан бұрын ол қаржы министрлігінде істеген екен. Фин премьері үйін босқындарға сатып жіберді Финляндия премьер-министрі Юха Сипиля бұрын уәде бергеніндей, босқындарды орналастыру үшін үйін Кемпель қауымдастығына сатты. Сипиляның айтуына қарағанда, ол әйелі екеуі үшін бұдан гөрі шағындау үй сатып алған. Ал өткен жылғы қыркүйекте премьер іс жүзінде пайдаланылмай отырған Кемпельдегі үйін мигранттарға беруге әзір екенін білдірген. Бірақ ол кезде үйдің сатылып берілетіні туралы бір ауыз сөз айтылған жоқ еді. 01-04-16-jordanЗейнеттегі спортшылардың ең байы – Майкл Джордан 2003 жылы спорттық мансабын аяқтаған баскетболшы Майкл Джордан өткен жылғыдай биыл да зейнеттегі спортшылар арасында Forbes тізімінің көшін бастап тұр. Қазір бизнесмен және «Шарлотт Хорнетс» клубының қожасы ретінде танымал болып отырған «Чикаго Буллздың» бұрынғы атақты ойыншысы 110 миллион доллар табыс тауып үлгерді. Мұнысы – екінші орындағы экс-футболшы Дэвид Бекхэмнің табысынан 45 миллион доллар көп. Жылдан жыл ұзаған сайын Джорданның танымалдылығы төмендеп отырған жоқ. Бұған қоса, 2016 жылы оның қазір ойнап жүрген кез келген ойыншыдан кемінде 30 миллион долларды артық табатыны айтылып жатыр. Адамның есімі ғұмырының ұзақтығына әсер етеді Америка ғалымдары адамның есімі оның ғұмырының қаншалықты ұзақ және қысқа болатынына әсер етеді деген ұйғарымға келіп отыр. Оқымыстылар сәбиге дүние есігін аттаған кезінде қойылған аттың оның өмірбаянына ткелей ықпалы болатынын дәлелдеп шығыпты. Зерттеу үшін Алабама, Миссури, Иллинойс және Солтүстік Каролина штаттарында 1802-1970 жылдары тұрған 3 миллионнан астам афроамерикалықтардың өмір жолдары қарастырылған. Сонда мамандар ежелгі Тәураттан алынған аты бар адамдардың басқаларға қарағанда, орта есеппен екі жыл артық өмір сүретінін байқаған. 01-04-16-ptitsyҚаладағы құстар да ақылдырақ болып шықты Канаданың Макгилл университетінің ғалымдары даладағы құстарға қарағанда, қаланы мекен ететін қанаттылардың ақылдырақ болып келетініне, олардың иммунитеттері де күштірек екеніне көз жеткізген. Зерттеушілер далада еркін өскен және қала тіршілігін көріп жүрген құстардың басты айырмашылығын алға қойылған мақсаттары мен жұқпалы ауруға қарсылығы деңгейінен көріп отыр. Тексеру кезінде қалалық құстар тестіден сәттірек өтіп, жаңа рес­урстарды игеруде біраз артықтық танытқан. Тәжірибеге Барбадос аралының әр қиырынан ұсталған 53 суықторғай тартылған. КХДР билігі халықты аштыққа дайын болуға шақырды Солтүстік Кореяның үкіметі ел азаматтарына алда келе жатқан экономикалық саладағы күрделі уақыт сынына дайын болу керектігін ескертті. «Революция жолы – ұзақ та қиын. Бәлкім, бізге тағы да өсімдіктердің тамырын талғажау етуге тура келетін шығар», – делінген мемлекеттің партиялық газеті «Нодон Синмунда» жарияланған хабарламада. Осы орайда сарапшылар елдің 1994 жылдың басында осындай ашаршылықты бастан кешкенін айтады. Төрт жылға созылған сол кезеңде 22 миллион халықтың жарты миллионнан астамы опат болған екен. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.