Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ұлтымыздың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың биыл да мерекелі жылы.
Жауһар жырларымен жұртын сусындатқан ақиық ақынның өлмес мұрасын ұлықтау «мен қазақпын» деген әрбір жанға асыл парыз ғой. Осыған орай, Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кеш барысында мектептің 7-9-сынып оқушылары ақиық ақын поэзиясын жүрегімен сезініп, нақышына келтіре мәнерлеп жатқа оқыды.
Сондай-ақ, қалың оқырманға белгілі, ақынның шоқтығы биік туындысы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын жас өрендеріміз шебер сахналап, әртістік ерекше қабілеттерін байқатты. Әдеби кеште ақынның сөзіне жазылған «Бақыт деген», «Туған жер», «Саржайлау», «Есіңе мені алғайсың» әндері шырқалып, көпшіліктің көңілінен шықты. Ақын рухымен сырласу ретінде оқушылар Г.Сәбитова «Өлеңнен сені іздедім», А.Сексенбаева «Мұзбалақ ақын Мұқағали», А.Оңалбаев «Поэзия алыбы Мұқағали атамызға» атты өз өлеңдерін оқыды.
Кеш соңында Мұқағали поэзиясын сүйіп оқитын мектеп мұғалімдері ақын поэзиясының дәуір талғамайтын мәңгі поэзия екендігін айта келіп, жастық шақтарын еске алып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Жас маман Жасұлан Шектібаев ақын рухына өз шығармасын арнады.
Тағылымы мол дүние әрқашан көңілге жылы ұялап, естен кетпейді. Ақын поэзиясына бас иген шәкірттеріміздің сәби жүректен шыққан үндері жыр сүйер қауымның жүрегіне жетті. Мұқағали поэзиясының құдіреттілігі де осында!
Мира ДӨНЕНҚОЖАЕВА,
Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің жетекшісі.
ҚЫЗЫЛОРДА.

Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26
Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент • Бүгін, 09:15
Қаржы • Бүгін, 09:10
Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі
Саясат • Бүгін, 09:00
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Саясат • Бүгін, 08:55
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Бизнес • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:40