08 Сәуір, 2016

Барлық бағытта серіктестік бар

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-04-01-60Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Энергетика министрі Эрнест Монизді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында энер­гетикалық қауіпсіздік, мұнай-газ индустриясы, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар энергети­ка саласын дамытудағы басты трендтерді, мұнай бағасын қалып­тастыруға ықпал ететін негізгі факторларды, дәстүрлі энергия көз­дерінің орнын басатын жаңа энергия түрлерін пайдалану перс­пективаларын талқылады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Эрнест Мониз еліміздің энергетика секторына Америка ком­па­нияларының қатысу аспек­тілерін, Қазақстанда «жасыл энергияны» пайдалану аясын кеңейту жөніндегі жос­парларды, ядролық энергети­кадағы жаңа технология­лар мен жаңғыртылатын энергия көздері­нен энергия өндіруге жұмсалатын шығыстар жайын да сөз етті. Ядролық қауіпсіздік тақыры­бына арнайы назар аударылды, бұл мәселе бойынша екі ел арасын­дағы өзара ынтымақтастық ны­ғайып келеді. Қазақстан мен АҚШ ядролық материалдар қауіп­сіз­дігін арттыру, жоғары байытылған уранды қолдану аясын тарылту бағытында бірлесе жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, Қазақ­станның Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келісімге қатысты мәселелерді шешу ісіне қосқан елеулі үлесі атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан мен АҚШ арасында барлық бағытта серіктестік қарым-қатынас орнағанын, соның ішінде энергетика саласындағы жұмыс бірқатар екіжақты құжаттар аясында жүріп жатқанын айтты. Э.Мониз біздің елде өткен ке­ліс­сөздердің жемісті болғанына назар аударды және кездесуде ай­­­қындалған барлық мәселелер бо­­­йын­ша Қазақстан мен АҚШ ара­сын­дағы ынтымақтастықтың бұдан әрі жалғаса беретініне сенім білдірді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.