08 Сәуір, 2016

Жағдай тұрақтанып келеді

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Баянауылд су астындаГазетіміздің 1 сәуір күнгі санында «Баянауылдың ауылдары тағы да су астында қалмақ па?» деген сын мақала жарияланған-ды. 2 сәуір күні жаңа тағайындалған облыс әкімі Болат Бақауов Баян­ауыл ауданына жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапар барысында облыс әкімі біз мақалада жаз­ғандай, Қараащы, Теңдік ауыл­дарының су тасқынына қарсы жасап жатқан дайындықтарын тек­серді. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, өңір басшысы Теңдік ауылы жанындағы біз газетімізге суретімен жариялаған көпірдің де жағдайын өз көзімен көріп қарап шықты. Өткен жылы көпірдің Ащысу өзені үстіне салынған тірегі ағын суға шыдас бермеген еді. Соның салдарынан ауылда төтенше жағдай қалыптасып, алты тұрғын үй, төрт шаруашылық құрылысы суға кетіп, 99 тұрғын және 162 бас мал көшірілген болатын. Биыл наурыздың соңында Қараащы ауылының маңында айнала бөгет салынды. Қазір қар кеткен аймақ 70 пайызды құрайды, қар тау­лы жоталарда ғана қалды. Осыған байланысты қорғаныш топырақты 800 метрге дейін ұзартуға шешім қабылданған болатын. Су тасқыны жағдайы үнемі бақылау, Баянауыл ауданы бойынша тәулік бойы бақылау жүр­гізіліп, төтенше жағдай қызметтері қауіпке қарсы сақадай-сай тұр. Жұмыс сапарының қоры­тындысы бойынша, облыс әкімі Болат Бақауов апатты жағдайды бол­дырмау үшін Баянауыл ау­данының басшылығы мен облыс­тың төтенше жағдай қызметтеріне Қарағанды облысының төтенше жағдай департаментімен байланыс орнату жөнінде нақты тапсырмалар берді. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». Павлодар облысы.