Астанада 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы Ішкі әскерінің жауынгерлерін еске алуға арналған шара болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Оған еліміздің Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның басшылары, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, шетелдердің әскери атташелері, әскери және жергілікті соғыс ардагерлері мен кадеттер қатысты.
Шарада сөз алған Сенат Төрағасының орынбасары Сергей Громов: «Достастықтың оңтүстік шептерін қорғап, қаза тапқан қазақстандық әскерлер бізге ержүректік пен әскери антқа адалдықтың өнегесі болды», – деді.
«ТМД-ның Ұжымдық бітім-
гершілік күштерінің құрамында Қазақстанның Тәжікстанда болуы Орталық Азия аймағын тұрақтандыруда маңызды мәселе болды, – деді әрі қарай Сенат Төрағасының орынбасары. – Қазақстанның әскери бөлімшелері қарулы қақтығыстардың өршуіне әрі соғыс қимылдарының көрші елдерге таралмауына жол берместен, алға қойылған жауынгерлік міндеттерін табысты орындап шықты».
С.Громов тарихтың қайғылы сабақтарын ұмытпауға және қазіргі замандағы қатерлерге қарсы тұруға әзір болуға шақырды. Армия мен әлеуетті құрылымдар қазіргі кездегі әскери және террористік қауіптердің алдын алу мен болдырмауда маңызды рөл атқаруы тиіс.
Шараға қатысушылар Тағзым аллеясындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қаза тапқан әскерлердің құрметіне Ұлттық ұланның астаналық гарнизонының құрамы салтанатты түрде саппен өтті.

Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26
Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент • Бүгін, 09:15
Қаржы • Бүгін, 09:10
Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі
Саясат • Бүгін, 09:00
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Саясат • Бүгін, 08:55
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Бизнес • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:40