08 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасының Заңы № 485-V ҚРЗ

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияны ратификациялау туралы 1970 жылғы 18 наурызда Гаагада жасалған Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенция осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мәлімдемелермен және ескертпемен қоса ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 сәуір № 485-V ҚРЗ «Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 485-V ҚРЗ Заңына 1-қосымша Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияға мәлімдемелер Қазақстан Республикасы Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияға (бұдан әрі – Конвенция) сәйкес мынадай мәлімдемелер жасайды: 1) екінші Уағдаласушы мемлекеттердің дипломатиялық немесе консулдық өкілдіктері Конвенцияның 15-бабында көзделген азаматтық немесе сауда істері бойынша дәлелдемелерді Қазақстан Республикасы құзыретті органының рұқсаты болғанда ғана мәжбүрлеусіз алуы мүмкін; 2) Конвенцияның 16 және 17-баптарымен көзделген азаматтық немесе сауда істері бойынша дәлелдемелерді Қазақстан Республикасы құзыретті органының алдын ала рұқсатынсыз мәжбүрлеусіз алуы мүмкін; 3) дәлелдемелерді алу үшін тағайындалған дипломатиялық немесе консулдық өкіл немесе уәкілетті адам Конвенцияның 18-бабында аталған көмек көрсету туралы өтінішпен, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болса, Қазақстан Республикасының құзыреттi органына жүгіне алады; 4) Конвенцияның 23-бабы негізінде Қазақстан Республикасының аумағында құжаттарды сотқа дейін ашу сияқты кәдімгі құқық қолданылатын мемлекеттерде белгілі материалдарды алу мақсатында жіберілетін сот тапсырмалары орындалмайды; 5) Қазақстан Республикасының заңдары шеңберінде Конвенцияның 27-бабының b) және c) тармақтарына сәйкес іс-қимылдарды орындауға және дәлелдемелерді алудың басқа тәсілдерін пайдалануға рұқсат етіледі. «Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 485-V ҚРЗ Заңына 2-қосымша Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияға ескертпе Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияның 4 және 33-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы өз аумағында сұрау салушы Уағдаласушы мемлекеттердің сот тапсырмаларын, егер олар ағылшын тілінде жасалса және тиісті түрде куәландырылған қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге берілсе, орындауға қабылдайды.