15 Сәуір, 2016

Алтын өндіретін кен орнындағы апаттан 4 адам қаза тапты

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-04-2016 indonesiaАСТАНА. 15 сәуір. Индонезияның Джамби провинциясына қарасты Маранджин аймағында алтын өндіретін кен орнында болған апаттан 4 адам қаза тапты. Бұл туралы «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресми мәліметтер бойынша, оқыс оқиға кен орнында 4 адам жұмыс істеп жатқан кезде болған. Салдарынан бәрі қиранды астында қалған. Құтқарушылар тобы қаза тапқандардың денесін тапты. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Қазіргі кезде алтын өндіретін орында тергеу амалдары жүріп жатыр. Аян Әбдуәли. Дерек: «Синьхуа». Фото: РИА «Новости».