Жамбыл облысы әкімдігінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жасөспірімдер қылмысының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу аясында жүзеге асыру мақсатындағы құқық қорғау және мемлекеттік органдардың ведомствоаралық кеңесі өтті.
Онда талқыланған мәселе бойынша Бас Прокурор Қ. Мәми, облыс әкімі Қ. Бозымбаев, облыс прокуроры Б. Тайымбетов, облыстық ІІД басқармасы бастығының орынбасары М. Қожаев және басқалар сөйлеп, облыс аумағы мен оның орталығында жасөспірімдер қылмысының өсе түсуі алаңдатып отырғанына тоқталды.
Облыста жасөспірімдер қылмысының жағдайы туралы лауазымды тұлғалардың қатысуымен бұдан бұрын да бірнеше рет кеңес өтіп, атқарылатын міндеттер белгіленген. Бірақ соған қарамастан, жасөспірімдер арасындағы қылмысты жағдай күрделі күйінде қалуда. Бұрнағы жылдан бері облыста аса ауыр қылмыс жасаған, оның ішінде кісі өлтірген жасөспірімдердің саны екі есе өскен. Әсіресе, бұл мәселе облыс орталығында өзекті мәселеге айналған. Мысалы, кәмелетке толмағандар үлесіндегі қылмыстардың жартысынан астамы Тараз қаласында жасалған. Қылмысты топтардың мектеп оқушыларын бопсалау арқылы ақша жинау әрекеті әлі тыйылмаған.
Кеңесті қорытындылаған Бас Прокурор жасөспірімдер қылмысына қарсы іс-қимыл және оның алдын алу саласындағы жұмыстың кемшіліктерін жою және осы саладағы шараларды ұйымдастыру жөнінде жаңа міндеттер қойды.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.
Жамбыл облысы.

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Бокс • Бүгін, 10:45
Құмар ойын құрбаны: Атырауда «Махаббат рулеткасы» спектаклінің премьерасы өтті
Мәдениет • Бүгін, 10:33
Әлемдік туристік рейтингте Қазақстан нешінші орында?
Туризм • Бүгін, 10:10
Бүгін Испания Кабо-Верде құрамасымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 10:07
АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады
Әлем • Бүгін, 09:48
Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:33
Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 09:22
Әлем чемпионаты: Швеция Тунистен басым түсті
Спорт • Бүгін, 09:18
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:10
Соңғы минутта соғылған гол Кот-д’Ивуарға жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 09:09
Coca-Cola Belesteri: Әйелдер мен жастарға 1 млн теңгеден 10 грант беріледі
Қоғам • Бүгін, 09:00
Әлем чемпионаты: Нидерланд пен Жапония тең түсті
Футбол • Бүгін, 08:41
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:27
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:18
Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05