21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматы , 2016 жылғы 21 сәуір «Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. Астана 2016» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 21 сәуірде номиналдық құны 100 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен «Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. Астана 2016» ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарады. Монетаның сипаттамасы: boks 2016 avers (2)boks 2016 revers (2) Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде ұлттық ою-өрнек аясында монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу, сон­дай-ақ Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі ор­наласқан. Монетаның төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесінің және мемлекеттік тілдегі «Қазақстан Республикасы» деген жазудың қор­шауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы, соғылған жылын білдіретін «2016» деген жазу бейнеленген. Бейнелер мен жазулар бедерленген. Монетаның сырт жағында (реверсінде) Астана қаласында өткізілетін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ресми эмблемасы бейнеленген. Бояуы тампомөр технологиясы арқылы берілген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, тік бұрышы 30х45 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана. Номиналдық құны 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсіндірмесі «Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. Астана 2016» монетасының дизайны осы чем­пионаттың ресми эмблемасын пайдалана отырып Қазақ­стан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жар­лығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен моне­талары дизайнының тұжырым­дамасына сәйкес әзірленген. «Proof» сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Монеталардың бүкіл 1000 дана таралымын Қазақстан бокс федерациясы сатып алады.