бас дәрігерлерден пара алған ба?
Соңғы жылдары Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басынан дау кетпей қойды.
Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын денсаулық сақтау басқармасына басшы болған Қ.Құралбаев деген азаматқа дәрі-дәрмек тендерлерін дұрыс өткізбеді деген айып тағылып, істі болып, қызметінен босатылды. Одан кейін басшы болған Б.Жетібаев қызметтік кабинетінде 3 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталып, сегіз жылды арқалап шыға келді. Жетібаевтан кейін облыстың денсаулық сақтау саласының тізгінін ұстаған В.Овсянников бірнеше жыл жап-жақсы қызмет етіп, Шығыс Қазақстан облысына тура сондай қызметке ауысып кеткен-ді. Жақында ғана ақпарат құралдары В.Овсянниковтың да сол қызметінде парамен ұсталғанын жарыса жазды.
Енді міне, апта басында бірнеше сайттарда Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Масалимовтың және оның екі орынбасарының, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері жетекшілерінің пара алды деген күдікпен ұсталғандары туралы ақпараттар жарияланды. Олар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтардың тендерлерін өткізуде заңсыз әрекеттерге барған көрінеді.
– Үстіміздегі жылдың 25 ақпанында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшыларына қатысты қылмыстық іс арнайы тіркеуге алынып, жасырын түрде тергеу әрекеттері жүргізілді, – дейді бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рауан Рамазанов. – 19 сәуір күні басқарма басшысы ұсталып, тергеу әрекеттері әрі қарай жалғасуда. Қазір Е.Масалимов уақытша қамауға алынды. Масалимов және оның екі орынбасары және бөлім меңгерушілері жүйелі түрде бас дәрігерлерден 300 бен 10 000 доллар көлемінде пара алып отырған. Әзірге бұл жөнінде 7 факті анықталды. Оның ішінде қызметке тағайындау және жеке стоматологиялық клиникалардың мемлекеттен бөлінетін субсидияларға қол жеткізумен тендерлерде жеңімпаз атану үшін берілген паралар бар. Алдағы уақытта басқарма басшысының екі орынбасарының және бөлім меңгерушілерінің, сондай-ақ пара берген тұлғалардың бас шарасы анықталатын болады.
Әрине, тергеу бітпей жатып біреуді кінәлаудан аулақпыз, істің ақ-қарасын тиісті органдар тексере жатар. Әйтсе де Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментіндегі бұл жағдай әлі біраз «жыр» болатыны анық.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10