21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Республикалық мемлекеттік мекемесі Басқармасының қаулысы  № 55 

234 рет
көрсетілді
24 мин
оқу үшін
2016 жылғы 28 қаңтар, Алматы қаласы «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау  операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде (бұдан әрі – «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларында: 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «36. Айырбастау пунктінің үй-жайында мынадай құжаттар міндетті түрде сақталады: 1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының тиісті тұлғаны кассир қызметіне қабылдау және (немесе) тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі; 2) айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша арнайы даярлықтан өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі не айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың көшірмесі; 3) айырбастау пункті кассирінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) уәкілетті ұйымдар үшін – сатып алу, сату бағамдарын және кросс-бағамдарды белгілеу туралы өкімдер шы­ға­руға құқығы бар басшының және өзге тұлғалардың қол қою үлгілері бар, мөр таңбасы (ол бар болса) қойылған құжат; 5) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының көшірмесі; 6) айырбастау пункті кассирінің осы құжатпен танысу туралы белгісі бар, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген және қабылданған, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның ішкі бақылау қағидаларының көшірмесі; 7) уәкілетті ұйымдар үшін – Қағидалардың 43-1-тармағында көрсетілген уәкілетті банкпен шарттың (шарттардың) көшірмесі.»; мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын: «43-1. Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктін қолма-қол ұлттық және (немесе) шетел валютасымен толықтыру жеке тұлғалармен операциялар есебінен және уәкілетті банкпен шарт негізінде жүзеге асырылады.»; 53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «53. Айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша бір миллион теңге баламасынан асатын сомаға айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында мыналар көрсетіледі: клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса). Бұл ретте аты мен әкесінің атын әріппен көрсетуге жол берілмейді; оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың түрі, құжаттың нөмірі, кім және қашан берді); клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса). Автоматтандырылған айырбастау пункті үшін бір рет жүргізілген айырбастау операциясының сомасы айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша бір миллион теңге баламасынан аспауға тиіс.»; 11-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 12-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 13-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларының 40-тармағы үшінші бөлігінің қолданылуы 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) тоқтатыла тұрсын. 3. Уәкілетті ұйымдар осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін бір ай ішінде өздерінің қызметін осы қаулының 1-тармағының он бірінші абзацының талаптарына сәйкес келтірсін. 4. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Боранбаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А.Смоляковқа жүктелсін. 7. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының 2016 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтарын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Министр _____________ Ә.Исекешев 2016 жылғы 11 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Министр _____________ Б.Сұлтанов 2016 жылғы 3 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Министр _____________ Е.Досаев 2016 жылғы 18 ақпан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 55 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларына 11-қосымша Нысан Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімдерінің ЖУРНАЛЫ Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның немесе оның филиалының атауы _______________________________________________________________________________________________ Уәкілетті ұйымның лицензиясына қосымшаның/уәкілетті банктің айырбастау пункті куәлігінің (уәкілетті банк осындай куәлікті алғаннан кейін) нөмірі _______________________________________________________________________________________________ 20___ жылғы «_____» ______________ Айырбастау пунктінің операциялық кассасындағы күннің басындағы қалдық* _________________ теңге _____________________ (валюталардың барлық түрлері бойынша) Айырбастау пунктінің операциялық кассасындағы күннің соңындағы қалдық* _________________ теңге ____________________________________ (валюталардың барлық түрлері бойынша) * Айырбастау операцияларын өзге де банк операцияларымен қоса жүргізген кезде толтырылмайды Өкімнің қолданыла бастаған күні мен уақыты Басшы өкімінің нөмірі мен күні USD EUR … Сатып алу Сату Сатып алу Сату Сатып алу Сату 20___ жылғы «___» ___________ сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімі р/с № Рези­денттік белгісі* Клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы, оны кім және қашан берген Шетел валю­та­сының атауы Валюта сомасы Операцияны жүргізу уақыты (сағатпен және минутпен) **** Сатып алынды Сатылды шетел валю-тасы-мен теңге-мен ** шетел валю­тасы­мен теңге-мен *** 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Жиынтығы: Кассир _________________________________(аты-жөні) Ескерту: * - айырбастау операцияларын жүргізген кезде клиент берген құжаттарға сәйкес көрсетіледі: 1 – резиденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары) үшін, 2 – резидент еместер үшін, 0 – оларды жүргізген кезде жеке басын куәландыратын құжат ұсынылмаған, бір миллион теңгеден (қоса алғанда) кем операциялар үшін; ** - сатып алу бағамы бойынша есептеледі; *** - сату бағамы бойынша есептеледі; **** - бақылау чегінде көрсетілген операцияны жүргізу уақыты. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 55 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларына 12-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп» Есепті кезең: 20__ жылғы __________ Индексі: NIV_UB Кезеңділігі: ай сайын Ұсынады: уәкілетті банк (оның филиалы) Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы Ұсыну мерзімі – ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 7-не дейін (қоса алғанда). Нысан _______________________________________________________________________________________________ уәкілетті банктің (оның филиалының) атауы Көрсеткіштің атауы Жол коды Барлық валюта оның ішінде валюталар түрі бойынша USD EUR RUB CNY GBP Басқа да валю­талар (шетел валютасының түрін көрсетіңіз) А Б 1 2 3 4 5 6 (…) 1-бөлім. Жеке тұлғалардан қолма-қол шетел валютасын сатып алу бойынша операциялар Сатып алынған қолма-қол шетел валютасы, барлығы 110 оның ішінде резидент еместер 111 Шетел валютасын сатып алу бойынша операциялардың саны 210 оның ішінде сомаға: бір миллион теңгеге (қоса алғанда) дейін 211 екі миллион теңгеден астам 212 Ең төменгі сатып алу бағамы 311 Х           Х Ең жоғарғы сатып алу бағамы 312 Х           Х 2-бөлім. Жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сату бойынша операциялар Сатылған қолма-қол шетел валютасы, барлығы 120 оның ішінде резидент еместер 121 Шетел валютасын сату бойынша операциялардың саны 220 оның ішінде сомаға: бір миллион теңгеге (қоса алғанда) дейін 221 екі миллион теңгеден астам 222 Ең төменгі сату бағамы 321 Х           Х Ең жоғарғы сату бағамы 322 Х           Х 20___ жылғы «____» _____________________ Басшы _____________________________________ (аты-жөні, қолы) Орындаушы ________________________________ (аты-жөні, қолы) Мөр орны (ол болған жағдайда) «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп» 1. Жалпы ережелер 1. Осы түсіндірме «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды. 2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді. 3. Уәкілетті банк (оның филиалы) Нысанды есепті ай үшін берілген Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес толтырылатын сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдерінің деректері бойынша ай сайын жасайды. Уәкілетті банктің филиалы дербес Нысанды жасайды. 4. Нысан жасау кезінде теңгемен берілген есеп айырысуларда Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімінің 6 және 8-бағандарына сәйкес көрсетілген теңгедегі айырбастау операциясының сомасы пайдаланылады. 2. Нысанды толтыру 5. Есептің 1-бағанында уәкілетті банктің (оның филиалының) айырбастау пунктері есепті кезеңдегі айырбастау операцияларын жүзеге асырған шетел валюталарының барлық түрлері бойынша деректер беріледі. Айырбастау операцияларының көлемі бойынша жиынтық деректер теңгемен есептелінеді. 6. 1-бағанда 110, 111, 120, 121-жолдар бойынша деректер бүтін мәнге дейін дөңгелектеніп, мың теңгемен толтырылады (бес жүз теңгеден кем деректер нөлге дейін, бес жүзден бір мыңға теңгеге дейін – бірге дейін дөңгелектенеді). 7. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда деректер АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), Ресей рублі (RUB), Қытай юані (CNY), ағылшын фунт стерлингі (GBP) бойынша беріледі, ал одан әрі нөмірленген бағандарда уәкілетті банктің (оның филиалының) айырбастау пунктері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған валюталардың қалған түрлері бойынша деректер беріледі. 8. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 110, 111, 120, 121-жолдар бойынша деректер тиісті валютаның бірлігінде ұсынылады. Егер айырбастау пунктері есепті кезеңде 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда көрсетілген қандай да бір валюталармен айырбастау операцияларын жүргізбесе, онда тиісті баған толтырылмайды. 9. 210, 211, 212, 220, 221, 222-жолдар есептеу бірлігінде толтырылады. 10. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 311, 312, 321 және 322-жолдар бойынша тиісті шетел валютасының бағамы көрсетіледі. 311 (321) жол бойынша тиісті бағанда уәкілетті банктің (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті айда теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасы бағамдарының ең төменгісі көрсетіледі, 312 (322) жол бойынша - уәкілетті банктің (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті айда теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасының бағамдарының ең жоғарғысы көрсетіледі. 11. Осы есепті толтыру кезінде барлық бағандар бойынша мынадай талаптарды орындау қамтамасыз етіледі: коды 111-жол <= коды 110-жол; коды 121-жол <= коды 120-жол; коды 210-жол <=коды 211-жол + коды 212-жол; коды 220-жол <=коды 221-жол + коды 222-жол. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 55 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларына 13-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан «Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп» Есепті кезең: 20__ жылғы __________ Индексі: NIV_UО Кезеңділігі: ай сайын Ұсынады: уәкілетті ұйым (оның филиалы) Нысан қайда ұсынылады: уәкілетті ұйымның (оның филиалының) орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 7-не дейін (қоса алғанда). Нысан _______________________________________________________________ уәкілетті ұйымның (оның филиалының) атауы Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияның нөмірі және күні _______________________________________________________________________________________________ пошталық мекенжайы, телефоны, факсы _______________________________________________________________________________________________ Көрсеткіштің атауы Жол коды Барлық валюталар оның ішінде валюталар түрлері бойынша USD EUR RUB CNY GBP Басқа да валю­талар (шетел валютасының түрін көрсетіңіз) А Б 1 2 3 4 5 6 (...) 1-бөлім. Жеке тұлғалардан қолма-қол шетел валютасын сатып алу бойынша операциялар Сатып алынған қолма-қол шетел валютасы, барлығы 110 оның ішінде резидент еместер 111 Қолма-қол шетел валютасын сатып алу бойынша операциялардың саны 210 оның ішінде сомаға: бір миллион теңгеге (қоса алғанда) дейін 211 екі миллион теңгеден астам 212 Ең төменгі сатып алу бағамы 311 X X Ең жоғарғы сатып алу бағамы 312 X X 2-бөлім. Жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сату бойынша операциялар Сатылған қолма-қол шетел валютасы, барлығы, 120 оның ішінде резидент еместер 121 Қолма-қол шетел валютасын сату бойынша операциялардың саны 220 оның ішінде сомаға: бір миллион теңгеге (қоса алғанда) дейін 221 екі миллион теңгеден астам 222 Ең төменгі сату бағамы 321 X X Ең жоғарғы сату бағамы 322 X X 3-бөлім. Шетел валютасының қозғалысы туралы есеп Есепті кезеңнің басындағы шетел валютасының қалдығы (410 = 411 + 412) 410 оның ішінде: кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда) 411 уәкілетті банктердегі (уәкілетті банктерді көрсету) валюталық шоттардағы шетел валютасы _____________________ _____________________ 412 Есепті кезеңде түскен шетел валютасы (420 > = 421 + 422 + 423 + 424) 420 оның ішінде: уәкілетті банктерден сатып алынған шетел валютасы 421 уәкілетті банктерден қарыздар (уәкілетті банктерді көрсетіңіз) _____________________ _____________________ 422 айырбастау пункттері арқылы жеке тұлғалардан сатып алынғаны 423 басқа да түсімдер 424 Жұмсалған шетел валютасы (430 > = 431 + 432 + 433 + 434) 430 оның ішінде: уәкілетті банкке (уәкілетті банктің атауын көрсету) сатылған шетел валютасы ___________________ 431 уәкілетті банктердің (уәкілетті банктің атауын көрсету) қарыздары өтелді ____________________ 432 айырбастау пункттері арқылы жеке тұлғаларға сатылған қолма-қол шетел валютасы 433 басқа да шығыстар 434 Есепті кезеңнің соңындағы шетел валютасының қалдығы (440 = 441 + 442) 440 оның ішінде: кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда) 441 уәкілетті банктердегі (уәкілетті банктерді көрсету) валюталық шоттардағы шетел валютасы ____________________ ____________________ 442 20___ жылғы «____» ___________ Басшы _____________________________________ (аты-жөні, қолы) Орындаушы ________________________________ (аты-жөні, қолы) Мөр орны (ол болған жағдайда) «Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша «Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп» Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме 1. Жалпы ережелер 1. Осы түсіндірме «Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды. 2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді. 3. Уәкілетті ұйым (оның филиалы) Нысанды Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес толтырылатын сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімдерінің есепті ай үшін берілген деректері бойынша ай сайын жасайды. Уәкілетті ұйымның филиалы дербес Нысанды жасайды. 4. Теңгемен берілген деректер үшін есептеулердегі Нысанды жасау кезінде Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімінің 6 және 8-бағандарына сәйкес көрсетілген айырбастау операциясының теңгемен сомасы пайдаланылады. 2. Нысанды толтыру 1 және 2-бөлімдер бойынша 5. Теңгемен берілген деректер үшін есептеулердегі есепті қалыптастыру кезінде Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімінің тиісінше 6 және 8-бағандарында көрсетілген теңгемен жүргізілген айырбастау операциясы сомасының баламасы пайдаланылады. 6. Есептің 1-бағанында («Х» белгісімен белгіленген жолдарды қоспағанда) уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған шетел валюталарының барлық түрлері бойынша деректер беріледі. Айырбастау операцияларының көлемдері бойынша жиынтық деректер теңгемен есептеледі. 7. 1-бағанда кодтары 110, 111, 120, 121-жолдар бойынша деректер бүтін мәнге дейін дөңгелектеніп, мың теңгемен толтырылады (бес жүз теңгеден кем деректер нөлге дейін, бес жүзден бастап бір мыңға дейінгі - бірге дейін дөңгелектенеді). 8. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда деректер АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), Ресей рублі (RUB), Қытай юані (CNY), ағылшын фунт стерлингі (GBP) бойынша беріледі, ал одан әрі нөмірленген бағандарда уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған валюталардың қалған түрлері бойынша деректер келтіріледі. 9. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 110, 111, 120, 121-жолдар бойынша деректер тиісті валютаның бірлігінде беріледі. Егер айырбастау пунктері есепті кезеңде 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда көрсетілген қандай да бір валютамен айырбастау операцияларын жүргізбесе, онда тиісті баған толтырылмайды. 10. 210, 211, 212, 220, 221, 222-жолдар шоттың бірлігімен толтырылады. 11. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және 311, 312, 321 және 322-жолдар бойынша одан әрі нөмірленген бағандарда тиісті шетел валютасының бағамы көрсетіледі. 311 (321)-жол бойынша тиісті бағанда уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті кезеңде теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасы бағамдарының ең төменгісі көрсетіледі; 312 (322)-жол бойынша - уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті кезеңде теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасы бағамдарының ең жоғарғысы көрсетіледі. 12. Есептің 1 және 2-бөлімдерін толтыру кезінде барлық бағандар бойынша мына талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі: коды 111-жол <= коды 110-жол; коды 121-жол <= коды 120-жол; коды 210-жол <=коды 211-жол + коды 212-жол; коды 220-жол <=коды 221-жол + коды 222-жол. 3-бөлім бойынша 13. Есептің 3-бөлімінде 1-баған толтырылмайды. 14. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда жолдар бойынша деректер тиісті валютаның мың бірлігімен беріледі. 15. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 423 және 433-жолдар бойынша деректер мың бірлікке айналдырылған тиісінше 110 және 120-бағандардағы деректерге тең болуға тиіс. 16. Есептің 3-бөлімін толтырған кезде 2, 3, 4, 5, 6-бағандар және 410, 420, 430, 440-жолдар бойынша одан әрі нөмірленген бағандар бойынша тиісті көрсеткіштердің атауында көрсетілген талаптарды орындау қамтамасыз етіледі. Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13219 болып енгізілді.