21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Республикалық мемлекеттік мекемесі Басқармасының қаулысы  №56

282 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
2016 жылғы 28 қаңтар, Алматы қаласы Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Меншікті капитал жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес 5,5-ке көбейтілген меншікті капиталдың арасындағы оң айырмасын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген меншікті капиталды есептеу мақсаттары үшін: жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 1 қаңтарда белгілеген теңгенің шетел валютасына қатысты ресми бағамы бойынша есептеледі; жеке тұлғалардың депозиттері сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес меншікті капиталдың арасындағы оң айырма мынадай мөлшерде енгізіледі: 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 0 (нөл) пайыз; 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап – 20 (жиырма) пайыз; 2016 жылғы 1 наурыздан бастап – 40 (қырық) пайыз; 2016 жылғы 1 сәуірден бастап – 60 (алпыс) пайыз; 2016 жылғы 1 мамырдан бастап – 80 (сексен) пайыз; 2016 жылғы 1 маусымнан бастап - 100 (бір жүз) пайыз. Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген талаптар меншікті капиталы бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептелетін тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қолданылмайды. Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor›s агенттігінің ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларымен қатар уәкілетті орган сондай-ақ Moody›s Investors Service және Fitch агенттіктерінің де (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларын таниды. Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады: Азия даму банкі (the Asian Development Bank); Африка даму банкі (the African Development Bank); Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank); Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank); Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development); Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank); Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank); Жеке секторды дамыту жөнiндегі Ислам Корпорациясы (ICD); Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank); Халықаралық даму қауымдастығы; Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation); Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development); Халықаралық валюта қоры; Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық; Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі; Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).». 2. «Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық акітлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Меншікті капитал жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес 5,5-ке көбейтілген меншікті капиталдың арасындағы оң айырмасын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген меншікті капиталды есептеу мақсаттары үшін: жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 1 қаңтарда белгілеген теңгенің шетел валютасына қатысты ресми бағамы бойынша есептеледі; жеке тұлғалардың депозиттері сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес меншікті капиталдың арасындағы оң айырма мынадай мөлшерде енгізіледі: 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 0 (нөл) пайыз; 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап – 20 (жиырма) пайыз; 2016 жылғы 1 наурыздан бастап – 40 (қырық) пайыз; 2016 жылғы 1 сәуірден бастап – 60 (алпыс) пайыз; 2016 жылғы 1 мамырдан бастап – 80 (сексен) пайыз; 2016 жылғы 1 маусымнан бастап - 100 (бір жүз) пайыз. Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor›s агенттігінің ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларымен қатар уәкілетті орган сондай-ақ Moody›s Investors Service және Fitch агенттіктерінің де (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларын таниды. Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады: Азия даму банкі (the Asian Development Bank); Африка даму банкі (the African Development Bank); Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank); Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank); Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development); Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank); Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank); Жеке секторды дамыту жөнiндегі Ислам Корпорациясы (ICD); Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank); Халықаралық даму қауымдастығы; Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation); Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development); Халықаралық валюта қоры; Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық; Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі; Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).». 3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13216 болып енгізілді.