23 Сәуір, 2016

Гендерлік теңдік стратегиясы

607 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
MUHA4758аясындағы алқалы жиын Астанада өтті Кеше «2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары» тақырыбы бойынша халықаралық конфе­рен­ция болып өтті. Оған Мемлекеттік хат­шы, Қазақстан Президенті жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демогра­фия­­лық саясат жөніндегі ұлттық комис­сия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова, Пар­­ламент депутаттары, министрлер, Ұлт­тық комиссия мүшелері, шет мемле­кет­тердің елшілері, халықаралық және үкі­меттік емес ұйымдардың мамандары, отандық сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Конференция жұмысының алғашқы сөзін Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова алып, еліміздегі гендерлік саясат аясында жүзеге асып отырған маңызды қадамдарға тоқталды. – Осыдан тура 11 жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сыр­масына сәйкес, «2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы» әзірленді. Бұл жобаның қабылдануы саяси сананың биіктігін көрсетті, ол азаматтық жағынан белсенді қоғам қалыптастыру жолын­дағы батыл шешім болды, – деді ол. Мем­­л­е­кет­тік хатшы, сондай-ақ, елі­мізде ген­­­дер­лік теңдікті іл­герілету үшін да­­мы­ған институттық негіз құрыл­ғанын, әйел­дердің әлеуметтік-эконо­мика­лық, қоғам­дық-саяси мүмкін­діктері кеңей­тіл­генін, халық денсаулығының ны­ға­йып келе жат­қанын, азаматтардың руха­ни-адамгер­ші­лік дамуына жағдай жаса­лынғанын айтты. Жалпы, аталған стратегияны іске асыру барысында Қазақстан 10 жылда ай­тар­­лықтай нәтижелерге қол жеткізді. Елімізде әйел теңдігі деген ұғым мен олар­­дың ер-азаматтармен үзеңгілес мем­лекеттік қызметте жұмыс жасауы үйрен­шікті жайтқа айналды. Осы тұста нәзік жанд­ылардың білек сыбана жұмыс істеп, бір отбасын асырауға қабілетті екені бел­гілі болды. Әйелдер қауымы билік басын­да да өздерінің іскер де жауапты екен­діктерін дәлелдеді. Бүгінде Парламент Мәжілісінде әйел­дер үле­сі 27,1 пайызды құрайды. Бұл көр­сет­кіш 2006 жылы 10,4 пайыз болатын. Осы­дан-ақ Қа­зақ­стандағы гендерлік тең­дік страте­гия­­­сы­­ның орындалу барысын аңғару қиын емес. – Ел экономикасының дамуына қыз-келіншектердің қосқан үлесі артуда. Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын бизнес төңірегіндегі әйелдерді орта есеппен 38 па­йыз деп алсақ, қазір бұл көрсеткіш 50 па­йызға артты. Сонымен қатар, білім мен ден­саулық саласында еселі еңбек етіп жүргендердің дерлігі осы жандар, – деді Г.Әбдіқалықова. Конференцияда «Даму» бағдар­лама­сының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура сөз алып, БҰҰ тара­пынан гендерлік саясат төңірегіндегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол: «Өткен жылы Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб пәтерінде әлем көшбасшылары «Ген­дерлік саясатты жетілдіру мен дамыту бағы­тында – 2030» бағдарламасын жаса­ды. Онда мемлекеттік саладағы әйелдер­дің әлеу­­мет­тік-экономикалық дамуға үлес қо­сып жүр­ген рөлі басты назарға алын­ған, – деді. Сондай-ақ, өкіл Қазақстанның ұстанған сая­саты мен Мемлекет басшысының көре­ген көшбасшылығының арқасында елде ынтымақ пен бірлік, татулық және әйел теңдігі орын алғанын жеткізді. Мұнан кейін алқалы жиында шетелдердің елшілері мен министрлер баяндамалар жасады. Олар республикамыздағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты одан әрі дамытудың басым бағыттарын белгілеп, тиісті тапсырмалар алғанын мәлімдеді. Жиын соңында елімізде отбасы инс­титутын нығайту мақсатында Прези­денттің тапсырмасына сәйкес, жыл сайын «Мерейлі отбасы»  ұлттық конкурсы өт­кі­зі­ліп тұратыны, мұның өзі гендерлік теңдік стратегиясының бір жемісі екені айтылды. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»