26 Сәуір, 2016

Орынбор көшесіндегі аллея

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің депутаттары Астанада болған «Таза қала – бақытты қала» атты жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. «Мәңгілік Ел» триумфалды аркасына жақын маңайдағы Орынбор көшесінің бойына жа­ңа аллея бой түзеді. Сенбілікке бар­­лық саяси партиялар фрак­цияларының: «Нұр Отан», «Ақ жол» және ҚХКП, сонымен бірге, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының депутаттары қатысты. Депутаттар мен Мәжіліс Ап­паратының қызметкерлері бірігіп, жалпы саны 200-ге жуық жәй жапырақты және қылқан жапырақты ағаш түр­лерін отырғызды. Олардың ішін­де: қарағай, шырша, емен ағаштары бар екендігін «Астана­Көгалдандыру» АҚ шаруашылық мәселелері жө­нін­дегі орынба­сары Бибігүл Бектемісова тү­сін­дірді.