ҚОСТАНАЙ. 26 сәуір. Адамның иммундық тапшылығы вирусы (АИТВ) таралуы жөнінен Қостанай облысының Ресеймен шекарасында жатқан Қарабалық ауданы «көш бастап» тұр. Облыстық жұқпалы иммундық тапшылық синдромы (ЖИТС) орталығының мамандары мен Қарабалық аудандық әкімдігі жанындағы тұрғындар денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестру кеңесінің отырысында аудандағы эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін айтылды. Бұл туралы aina.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қарабалық ауданы облыс бойынша АИТВ-нің көптігі жөнінен бірінші орын алса, ал Қостанай облысы республика бойынша бесінші орында тұр. Бұл да көңіл жұбатарлық көрсеткіш емес. Мамандар қатерлі аурудың аядай ғана Қарабалықта жылдам тарауын оның шекарада орналасуымен байланыстырады. Соңғы үш айдың өзінде «Қайрақ» шекаралық бақылау бекетінде заңсыз есірткі айналымындағы 4 оқиға тіркелді, оның біреуі есірткіні заңсыз дайындаған және өңдеген. Аудандық ішкі істер бөлімінде 13 нашақор тіркеуде тұрады. Орталық аурухананың бас дәрігері Бектерхан Шымпейісовтың айтуынша, бұл мұзтаудың беткі жағы ғана, есірткі пайдаланатындар ауданда мұнан әлдеқайда көп екені аян. Ауруханаға ай сайын есірткі пайдаланып, есінен танған 10-15 адам түседі екен. Қатерлі вирусты тарататындар солар екенін айтты мамандар.
Ауданда 2000-шы жылдың басынан бері адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған 41 адам тіркелген. Жұқпалы иммундық тапшылық синдромымен ауыратындар жоқ деп есептеледі, вирусты жұқтырған 10 адам өлген. Олардың басым көпшілігі жұмыссыздар, негізінен 30 бен 40 жас аралығындағы адамдар. АИТВ-ны жұқтыратындар негізінен ер адамдар. 16 жыл ішінде вирусты жұқтырған сегіз екіқабат әйел тіркелген.
Ауданда қатерлі вируспен ауыратындарды тіркеуде, анықтауда қиындықтар бар. Жұқтыратындар берекесіз отбасының мүшелері, құжаттары бола бермейді, емханаға тіркелмейді. Оның сыртында ауданда өзге мемлекеттен келген мыңнан аса адам келісіммен тұрып жатыр. Олар тек қатты, оқыс ауырғанда ғана ауруханадан көмек сұрайды. Осының барлығы да АИТВ диагностикасын қиындатып отыр.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: aina.kz.
• 26 Сәуір, 2016
Шекарадағы аудан қатерлі аурудың ордасына айналды

Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты
Ғылым • Бүгін, 16:57
Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:48
Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Хоккей • Бүгін, 16:42
Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:35
Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді
Спорт • Бүгін, 16:26
Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 16:07
Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:54
15 сәуірде елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді
Қоғам • Бүгін, 15:22
Парсы шығанағындағы соғыстан мұнай экспорты 44 пайызға құлдыраған
Экономика • Бүгін, 15:21
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:04
«Терезе - SAFE»: Баланы терезеден құлаудан қалай қорғаймыз?
Балалар • Бүгін, 14:30
Қазақстан цифрлық қызметтер экспортын кеңейтеді
Технология • Бүгін, 14:29
11 мың шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 14:10