22 Қаңтар, 2011

90 отбасының қоныс тойы

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Атырауда тағы да жаңа үш тұрғын үй пайдалануға берілді. С.Датов көшесінен бой көтерген әрқайсысы 30 пәтерлі үш тұрғын үйге  баспаналары апаттық жағ­дай­дағы отбасылар көшірілді. Жа­ңа тұрғын үйден пәтер алған­дар қатарында еліміздің Қарулы Күштерінде қызмет ететін әс­ке­рилер де бар.  Баспана қуанышы­на кенелгендерге пәтер кілттерін тапсырған облыс басшысы Б.Рыс­қалиев: “Бұл баспаналар Елбасы­мыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сырмасымен қолға алынған тұр­ғын үй құрылысын дамыту­дың 2008-2010 жылдарға арнал­ға­н мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынды. Мақсат –тұр­ғындардың әлеуметтік ахуа­лын жақсарту, сөйтіп, бақуатты тұрмысына қолайлы жағдай туғызу”, – деді. Жаңа баспанадан пәтерлер ал­ған отбасылардың қуанышында шек жоқ. Мәселен, Батыс өңірлік қолбасшылығындағы әскери бө­лім­де медицина қызметін бас­қа­ра­тын Серік Мырзағалиев бұған дейін еліміздің әр қиырында қызмет жасаған. 2007 жылы Санкт-Петербургтегі әскери ака­де­мияны бітірісімен Атырауға қыз­метке келіпті. Содан бері үш перзентімен қаладан үй жалдап жүрген әскери дәрігер қуанышын былайша жеткізді: “Алаңсыз жұ­мыс жасау үшін адамға алдымен баспана қажет қой. Бүгін жаңа пәтерге ие болып, ерекше қуанып тұрмын”. – Тұңғыш Президентіміз Нұр­сұл­тан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында елімізде бей­біт өмір орнады. Ел ішіндегі татулық  экономиканың өркен­деуі­не негіз қалады. Тұрғын үй­лер көптеп салынып жатыр. Көп жыл пәтер жалдап жүруші едік. Енді, міне, 5 баламмен жаңа пә­терге ие болдым, – дейді энерге­тика сала­сының ардагері Зоя Нұр­ғайбаева.  Ал зейнеткер Мәрзия Тұрмаған­бетова  төрт жыл бойы құлаған үй­де тұрған. Баспана жағ­дайының ауыр екенін әкімдер­ге айтып, әйтеуір бір күні жақсы пәтерге қолы жетерінен үмітін үзбепті. Міне, осылайша  жыл басында облыс орталығында тағы да 90 отбасы қоныс тойын тойлады. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау.