ҚОСТАНАЙ. 28 сәуір. Қостанай қалалық мешітінде Әдиба Фахрутдинқызы қарияға құрмет көрсетілді. Шара оның 95 жасқа толу мерейтойына байланысты өтті. Оған жалпы жамағат, зиялы қауым өкілдері, жастар жиналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Әдиба әжейді Қостанайда танымайтын кісі аз болар бәлкім. Ол ең алдымен көп жылдар бойы жас ұрпақты біліммен сусындатқан ұстаз болатын. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ұстаздық қызметінен алыс кеткен жоқ. Ол Тәуелсіздік алған жылдардан бастап өзінің еңбегін жұртшылыққа діни білім беруге, ислам құндылықтарын уағыздауға, жастарды имандылыққа тәрбиелеуге арнады. Қостанай облыстық Марал ишан атындағы орталық мешітте жастарға және ниет білдірген барша мұсылман қауымына араб харпін, құран сүрелерін үйретті. Қажылық парызын өтеймін дегендерді қасиетті сапарда қандай парыздарды атқару керектігін, қандай сүрелер мен аяттарды айту керектігіне дейін дайындайтын. Тәуелсіздіктің елең-алаңында Қостанайда кинотеатр, филармония тағы басқа да қажеттіліктерге айналып келген мешітттің жамағатқа қайтарылуына ақсақалдармен бірдей жүріп, атсалысқан Әдиба әже еді.
Ол: «Маған осы жасқа келгенше жұртыма имандылық сабақтарын, діни білім беру үшін денсаулық берген Алла-тағалаға рахмет, осындай қызмет көрсетуіме қолдау білдірген, мешіттің хатиб-имамдарына рахмет», – деді.
Терең діни білімді әкесі Фахрутдин мен анасы Қафиядан алса керек. Ол кісінің нағашы жұрты да діни адамдар болады, атасы ишан екен. Әкесі молда Фахрутдин 1931 жылы саяси қуғын-сүргін кезінде қамалып, 1933 жылы түрмеде қайтыс болған. Әдиба әженің анасы да сол 1933 жылы діни сауаттылығы мен ишанның қызы, молданың әйелі болғаны үшін жазықсыз түрмеде отырады. Анасы да тек 1991 жылы ақталады.
Облыстық Марал ишан мешітінің имамы Бақытбек Нұрғабылұлы мен мешіт қызметкері Жақсылық Айсин қазақы дәстүрмен Әбиба әженің иығына камзол жауып, сый-сияпат көрсетті. Белгілі композитор Қалибек Дербісалдин мен өнерпаз Түлкібек Рысмағанбетовтер кешті әнмен өрнектеп отырды. Кеште Әдиба әжені құттықтап сөйлеушілер, оның биік адамгершілігін, діни сауаттылығын жастарға үлгі еткендер қатары көп болды.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, фото: egemen.kz.

Қоғам • Бүгін, 21:50
Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55