28 Сәуір, 2016

Ақтөбеде 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына арналған конференция өтті

593 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АҚТӨБЕ. 28 сәуір. Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшылығымен облыстық тарихи-өлкетану музейі және «Әйтеке би» атындағы облыстық мейірімділік қоры 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, барысы, тарихи маңызы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Конференцияға облыс зиялылары, тарихшы-ғалымдар, өлкетанушылар, Ырғыз ауданындағы көтерілістің басшысы Тайшым Орысұлының ұрпақтары, қала мектептері мен колледж мұғалімдері, студенттер қатысты. Жиында тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұртаза Абдоллаев 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің себептері жөнінде, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Самат Есқалиев ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясы мен азаттық көтерілісі, ал Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттіәк университетінің аға оқытушысы Айшуақ Бақыт азаттық көтерілістің тарих сахнасындағы орны мен тарихи ролі туралы  баяндады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Алпысбай Мұсаев ұлт-азаттық көтерілістің қазақ әдебиетіндегі проза мен поэзия жанрларындағы көріністері жәйлі әңгімеледі. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, құрметті профессор Еркін Құрманбек пен облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Айбек Ертемиров Ырғыз уезіндегі ұлт-азаттық көтерілістің барысы мен оның басшылары туралы зерттеу жұмыстарын жүргізген тарихшы-ғалым Беркін Құрманбековтің зерттеулерінен деректер келтірді. Тарих магистрі, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Арман Ержанов ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі қазақ көшінің қалыптасу тарихын баяндады. Сонымен қатар конференция барысында Торғай көтерілісі мен оның басшылары туралы да кеңінен сөз болды. Музейдің ғылыми кітапханасы қорынан ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайын сипаттайтын ғылыми және әдеби кітаптардан көрме жасақталды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, фото: egemen.kz ????????????????????????????????????