30 Сәуір, 2016

Қадір-қасиетін қайтадан жаңғыртуға шақырамын

289 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Мурат ЖурыновСоңғы уа­қыт­тарда жер мәсе­лесі төңірегіндегі дақ­пырт-дабыраны та­ра­туға мүдделі адам­­дардың бар екендігі байқалып қалды. Олар бұқара халықтың кей­бір топтарының осы мәсе­ленің мәнісіне терең бойлай алмай­тындығына үміт артып, өздерінің теріс пиғылдарын жүзеге асыр­мақшы. Осы арада бұл ретте мемлекеттің де өз мүддесі бар екендігін айтып қояйық. Мем­лекет жердің әрдайым кәдеге жара­тылып, жұмыс істеп тұруын, өнім беруін, табыс әкелуін қалайды. Әлбетте, мұның бәрі халықтың игілігі үшін. Жер туралы түсінікте, сайып кел­генде, кемінде бас­ты екі қағидат бо­луы шарт. Оның бірін­шісі – жер ауыл ша­руашылығы өнім­дерін алудың көзі, жер – жайылым, жер – егістік алқа­бы. Сонымен қа­тар, мына жайды ешқашан ес­тен шығармауымыз керек: жер рес­­публикамыздың аумағы ретін­де шетелдіктерге ешқашан сатыл­ған емес және болашақта сатыл­майды да. Қазақстан Рес­пуб­ликасының Жер кодексі осы­ны айқын таңбалаған. Мемлекет жерді шетелдік­терге сатуды жоспарлап отыр деп ойлайтын адамдар қатты қате­леседі. Енді осы реттегі ой-па­йы­мымызды тарқатыңқырап айтайық. Егер біздің елдің тәжірибесіне жүгінер болсақ, көптеген құнарлы жерлердің бос жатқанын, оған ұқыпты қожайын болмай отырғанын мойындауымыз керек. Мемлекет жерді шетелдік­терге сатуды жоспарлап отыр деп ойлайтын адамдар қатты қате­леседі. Енді осы реттегі ой-па­йы­мымызды тарқатыңқырап айтайық. Егер біздің елдің тәжірибесіне жүгінер болсақ, көптеген құнарлы жерлердің бос жатқанын, оған ұқыпты қожайын болмай отырғанын мойындауымыз керек. Ауыл-селоларда негізінен ұсақ шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Олардың осызамандық техника, тұқым сатып алуға, жер­ді өңдеуге шамасы келмейді. Коо­пе­рация туралы жаңа заң осы ұсақ шаруа қожалықтарының ірі кооперативтерге бірігуіне жағдай жасайды деп үмітте­немін. Әлбетте, жер тек өз азамат­тары­мызға ғана сатылады. Ал олар­дың өз үлестерін шетелдік азамат­тар­ға қайта сату құқығы болмайды. Қазір бір кездері өз ауылдарын тастап, қалаларға жұмыс іздеп кет­кен шаруалар туған жер­леріне қайта оралып, оны игеру­ді қалайтын ахуал туындап отыр­ған сыңайлы. Мен осы мәсе­ле жайында көптен толғанып жүр­мін. Ел халқының 12 пайызы ғана селода тұратын америкалық фермерлердің табыстарына елік­кен біздің экономистеріміз олардың осынау алып елді асырап отырғандығын тілге тиек еткен кезең де болған. Иә, бұл АҚШ-тағы ауыл шаруашылығының жоғары тиімділігін көрсетеді, олар­дың экономикасының мық­ты дамы­ғанын сипаттайды. Салыс­тыру үшін келтірсек, біздің елде ауылда тұратындар 44 пайыз шамасында. Тағы бір мәселені ерекшелеп айтсам, ауылшаруашылық өн­дірісіне аграршы ғалымдарды белсендірек тарту қажет. Елдің Ғылым академиясының пре­зиденті ретінде біздің аграр­шы ғалымдарымызда ауыл­шаруа­шылық алқаптарының құ­нарын жақсартатын аса жаңа тех­нологиялар, тамаша препараттар бар екендігін кәміл сеніммен мәлімдей аламын. Бірақ олар бұл нәтижелерге зертханалық жағдайда, өздерінің тәжірибелік телімдерінде шағын көлемде жетіп жүр. Бұл нәтижелер ха­лық­­аралық нормаларға да сай келеді. Алайда, олардың бұл әзір­ленімдерін фермерлер сатып алуға құлықсыздық танытуда. Өкінішке қарай, ғалымдарымыздың білімі, тәжірибесі мен жақсы нәтижелері ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тарапынан сұра­нымға ие емес. Кең мағынасында пайым­дайтын болсақ, жер дегеніміз жұмыс істеуге және пайда әкелуге тиісті мемлекеттік актив. Өкі­нішке қарай, Қазақстан осындай ұлан-ғайыр аумаққа, жайылымдық және егістік құнарлы жерлерге ие бола отырып, азық-түлік өнім­дерінің көп бөлігін шеттен тасиды. Сондықтан, жерді тиімді пайдалану мәселесінің мемлекет үшін экономикалық маңызы орасан зор. Мұны өмірдің өзі тағы алға тартып отыр. Ауыл шаруашылығы біздің барлық күш-жігеріміз салынуға тиісті ең басым бағыт болып табылады. Жердің жаңарып, дәйім жаңғырып отыратын ресурс, теңдесі жоқ ғажайып құбылыс екендігін түсіну керек. Ата-бабаларымыз бізге мал шаруашылығын жүргізудің тамаша дәстүрлерін мұра етіп қалдырды. Енді соны ғылыммен тығыз ынтымақтаса отырып, молайту – парыз. Ғылым әр­қашан қоғам мүддесіне қызмет етеді. Олай болса, нағыз жер иесі­нің қадір-қасиетін қайтадан жаңғыртуға шақырамын. Мұрат ЖҰРЫНОВ, Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик  АЛМАТЫ