ТАРАЗ. 3 мамыр. Кеше сағат 14.20-да Тараз қалалық ішкі істер басқармасы ЖБО-ның «102» тетігіне белгісіз әйелден өз үйінің маңында қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оның айтуы бойынша, белгісіз екі адам қарумен қауіп төндіріп, оның туыстарына алып бара жатқан 2,5 миллион теңгеден астам ақшасы бар сөмкесін тартып алған. Оқиға орнына шұғыл түрде «Қайсар» жедел қимылдайтын тобы мен Тараз қалалық ІІБ 2-ПБ ЖТТ жіберілді. Жәбірленуші полицияға хабарласқанға дейін белгісіз адамдарды ұстауға тырысқан 22 жастағы ер адам оқиғаның куәгері болған. Қарақшыларды қуу барысында ол аяғына атылған оқтан жарақат алған.
Қылмысты жасаған күдіктілер оқиға орнына жақын жерден ұсталды. Оларды іздестіру және ұстауға 10 минутқа жуық уақыт кеткен.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-ның 192-бабы 3-б. 2-т. (қарақшылық шабуыл) және 287-бабы 1-б. (қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Оқиға куәгері болған азамат дер кезінде медициналық көмек алды, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, қазіргі уақытта ем алуда.
Бүгін Жамбыл облысы ІІД бастығының кадр жұмыстары жөніндегі орынбасары Қалижан Шоңғарбаев жарақат алған жас жігітке барып, оның жағдайын сұрап қайтты. Оған белсенді азаматтық ұстанымы мен немқұрайлылық танытпағаны үшін, сондай-ақ оның анасына осындай ұлды тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.
«Оның жасаған әрекеті үлгі тұтарлық қадам болып табылады. Қылмыскерлерді қолға түсіру бойынша әрекеттестік танытқаны үшін біз оны Ішкі істер министрлігінің арнайы марапатына ұсынатын боламыз», деді Қалижан Шоңғарбаев.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, фото: egemen.kz
• 03 Мамыр, 2016
Таразда әйелдің ақшасын тартып алғандар 10 минутта ұсталды

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25