Өткен жылғы маусымда лай араласқан селден соң Алматы тұрғындары арнасы шағын, елеусіз сылдырап ағатын Қарғалы өзеніне назары ауған еді. Неше күн толассыз жауған ақ жауын сол Қарғалының атын тағы да шығарды. Таудан аққан жауын суы бұл жолы былтыр қатты зардап шеккен Наурызбай ауданынан сарқырай ағып өтіп, етектегі Алатау ауданының бірқатар көшелерін суға толтырды. Барлығы 15 үйдің ішіне су кіріп, тұрғындарды әбігерге салды.
Су басқан аумақтың зардабын жоюға Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті жедел кірісті. Бірінші күннен бастап өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен – 40 адам, азаматтық қорғаныстың сумен қамту қызметінен – 46 адам, азаматтық қорғаныстың инженерлік қызметінен – 26 адам, жылумен қамту қызметінің 50 өкілі, жолдар мен көпірлер қызметінен – 120 адам, 20 техника, Алматы әкімдігі жанындағы құтқару қызметінен (109) барлығы – 30 адам, 8 техника, Құрлық әскерлерінің әскери институтынан 161 адам, 5 техника іске жаппай жұмылдырылды. Зардап шеккен аумақта бұдан тыс барлығы 342 адам мен 13 техника бірлігі жұмыс істеді.
Қазір жағдай тұрақталған секілді. Көшелер балшық пен қоқыстан тазартылды. Тек бір ғана Қарғалы өзенінің жағасына барлығы 45 тонна құм аралас топырақ төгіліп, құм салынған 2000-дай қапшықтар қойылды. Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы өзендері де анда-санда арнасынан асып ағып қояды. Жаңбыр Алматыда, әсіресе, түні бойы жауады.
Синоптиктер Алматы қаласы мен Алматы облысында ақ жауын әлі бірнеше күн үздік-создық сіркіреп жауады деген мәлімет беріп отыр. Төтенше жағдайлар департаменті мобильді телефондар желісі арқылы таулы аймақтарда сел қаупі барын қайта-қайта ескертуде.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10