тілшісі Қазақстанды жаяу шарлап өтеді
Пулитцер сыйлығының екі мәрте иегері, дүние-жүзінің 30-дан астам тілінде жарық көретін АҚШ-тың National Geographic Magazine басылымының тілшісі, жазушы, жиһангер Пол Салопек Қазақстанға жаяу келді.
Ол алдына мақсат етіп қойған ұзақ саяхатына 2013 жылы шыққан. Өз жоспары бойынша 7 жыл ішінде 35 мың шақырым қашықтықты жүріп өтіп, адамзаттың 60 мың жылдық көші-қон тарихын қайталамаққа бекініпті. Бұл саяхатын әйгілі журналист «Жұмақтан серуендеп шығу» деп атаған екен.
Жер-жаһанды бетке алған саяхатшының сапары Африка құрлығындағы Эфиопия елінен басталған. Міне, араға бірнеше жыл салып, Қазақстанға да жеткен.
Пол Салопек елімізде екі айдай болуды жоспарлап отыр. Өзі қызмет ететін журналға Қазақстанның тарихы мен сұлу табиғаты жайлы мақалалар жарияламақ. Саяхат барысында халықтың тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысу үшін қарапайым тұрғындардың үйлеріне қонып, олармен сырласпақ. Қалалар мен ауылдарды, шөлді аймақтарды, созылып жатқан тау-тас, белестерді кесіп өтіп, қазақтың даласы, ондағы жануарлар дүниесі және өзге де табиғи байлығына да көз сала жүруді мәдени сапарының аясындағы міндеттерімен орайластырса керек.
Айта кетейік, әйгілі басылымның журналисі сапарының әрбір 1160 шақырымын басып өткен соң, естіген-білгендерін, көрген-түйгендерін қағазға түсіріп, аялдаған жерлеріне белгі ретінде «жол тасын» қойып отыруды әдетке айналдырып келеді екен.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10