Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған АТОМ жобасы аясында полигоннан зардап шеккен халықты сауықтыру, көздері мүлде көрмейтін зағип жандардың өмірін белсенді әрі қызықты етіп өткізу мақсатында Семей өңірінде көптеген шаралар өткізіліп келеді. Осыған орай, зағип жандарға арналған кітапханада ерекше көрменің ашылуы болып өтті. Көрмеде Семей полигонының жабылғанына 25 жыл және жазушы Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 80 жыл сияқты мерейлі мереке күндері қамтылды. Жазушының шығармашылық өміріне қысқаша шолу жасалып өтті.
Зағип оқырмандар газеттерден жасалған Семей полигонының макетін ұстап көріп, жақсы жасалған деген пікірлерін айтты. Олардың арасында әртүрлі әдеби ойындар өткізілді және көздері көрмесе де оқырмандарымыздың барлығы жақсы қатысып, зал әдемі көңіл күйге толды, дейді кітапханашы Шынар Әлиасқарова. Түрлі заттарға толы, әдеби «Сиқырлы сандық» ойыны оқырмандар арасында ерекше қызығушылық танытты. Сиқырлы сандықтағы затты зағип жандар тактильді түрде қолымен сипап сезу арқылы оның қай кітап, қай авторға арналған екенін жаңылмай бірден тапты. Кітапты көп оқудың арқасында біздің оқырмандар біліктілігімен және тапқырлығымен ерекшеленіп осы іс-шарада соны дәлелдей түскендей. Бұл тактильді ойындар зағип жандар арасында ерекше орын алады және осындай арнайы ойындар күнделікті ортаға беймделуге көмегін тигізеді. Оқырмандар арнайы тифломагнитолла арқылы CD дискіде және үнтаспада дыбыстандырылған кітаптардан үзінді тыңдап, кітаптың авторы мен атын жылдам табудан алдарына жан салмайды және де осы интеллектуалды ойындарымыз қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Іс-шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбайұлы қатысып, ізгі тілегін айтты. Кітапханашылардың қолымен ұйымдастырылған көрме оқырмандардың көңілінен шығып, тамсандырды. Олардың қатарында Брайль кітаптарынан жасалған қазақтың киіз үйі мен шаңырағы, CD дискілерден құралған Бейбітшілік пен келісім сарайының сұлбасы, жалпақ басылымды кітаптар және газеттерден жасалған Семей полигонының макеті жоғары бағаланды. Көрмеге кітапхана қорында тіркелген ең алғашқы жалпақ басылымды, рулонда дыбыстандырылған, Брайль кітаптары және соңғы тіркелген электронды кітаптар, 25 үнтаспадан тұратын «Дарабаз» кітабы қойылды. Кітапхана директоры Бахытжамал Райымханова оқырмандарға алғысын білдіріп, үздік оқырмандарға және ойынға қатысушыларға сыйлықтар таратты.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10