04 Мамыр, 2016

41 жастағы гимнастшы жетінші рет Олимпиадаға қатысады

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.05.2016 AST-2 АСТАНА. 4 мамыр. Өзбекстандық гимнастшы Оксана Чусовитина Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпия ойындарына қатысатын болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол кезінде спорттық гимнастикадан Олимпиада чемпионы болған. Спорттың осы түрімен 25 жылдан бері айналысып келеді. Олимпиадаға алты рет қатысқан. Биылғы Ойындар оның жетінші жарысы болады. Оксана Чусовитина биыл 41 жасқа толады. Расын айту керек, бұған дейін гимнастшылар арасында ешкім 41 жасында Олимпия ойындарына қатысып көрген емес. Сондықтан өзбекстандық спортшы төрт жылда бір айналып келетін дүбірлі дода тарихында ең жасы үлкен гимнастшы атанады. Әріптестері оны қалжыңдап «әже» деп атайды екен. Оксана мұндай қалжыңды көтереді. Ол өзін әлі 17 жастағы бойжеткен сияқты сезінеді. Гимнастшы Өзбекстанда туып-өскен. Соңғы кездері Германия құрама командасында өнер көрсетті. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: centralasian.org [caption id="attachment_38163" align="aligncenter" width="494"]663414 663414[/caption] ????????????????????????????????????