ОРАЛ. 4 мамыр. Батыс Қазақстан облысында бала асырап алушы ата-аналарға қолдау, демеу беретін арнайы орталық биылғы жылдың наурыз айының басында ашылып, жұмысқа кіріскен болатын. Енді ол жаңа да жайлы ғимаратқа көшіп қоныс тойын тойламақшы. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осынау шапағаты мен сауабы мол іске бел шеше кіріскен «Ана үйі» қоғамдық қорының Батыс Қазақстан облысындағы үйлестірушісі Надия Лисицинаның айтуынша, бала асырап алуға ниетті жандарға қолдау көрсету ісі, 2014 жылы басталған. Осы аралықта түрлі қиындықтарға ұшыраған немесе отбасында зәбір көрген сәбилі 60 жас ана қор қызметінен пана тауып, нәрестесін балалар үйіне тапсырудан бас тартқан.
Дегенмен, облыста әлі де болса ана алақанына, әке мейіріне зәру жетім бала көп. Оларды болашақ ата-аналарына жолықтыру жоғарыдағы орталықтың басты міндеті болып табылады.
Жергілікті билік органдары мен қайырымды кәсіпкерлер жан-жақты қолдап отырған орталықта күні бүгін тәжірибелі педагогтар, заңгер мен психолог мамандар жұмыс істейді.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Фото: dailynews.kz.

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше