04 Мамыр, 2016

Су қоймаларына 24 миллион рипус тұқымды шабақ жіберілді

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-05-2016 shabakПЕТРОПАВЛ. 4 мамыр.  «Вейса» аппаратында рипус тұқымды дернәсілдер жасанды жолмен ұрықтандырылып,  алты айдан кейін  суға жіберіліп отырады. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады. «Бүгінгі күні  сиг тұқымды 55 миллион  шабақ өсіріліп, оның 48 миллионы Сергеев су қоймасына жіберілді», –  дейді Петропавл балық питомнигінің директоры Ержан Жұмабаев. Оның сөзіне қарағанда,  биыл өңірдегі өзен-көлдерге тұқы және албырт тұқымды 96 миллион дернәсілді тарату жоспарланған. Бұл жұмыстарды атқаруға  ел қазынасынан 58 миллион теңге қаражат бөлінген. Басты мақсат – су асты жәндіктерінің санын көбейту. Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» филиалының зертхана меңгерушісі Виктор Фефеловтің  айтуынша, рипус тұқымды балықтар өте өсімтал әрі  нарықта бағалы. Өңірде сулы да нулы жерлер көп. Бұл шабақтардың өмір сүріп кетулеріне қолайлы. Петропавл балық питомнигі мемлекеттік тапсырыс аясында өңірдегі су қоймаларына 40 миллион карп шабақтарын жіберуді де көздеп отыр. Өмір Есқали. Дерек: egemen.kz. Фото: azattyq.org.