04 Мамыр, 2016

Павлодар облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

340 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
04-05-2016 pavlodarПАВЛОДАР. 4 мамыр. Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып Мейрам Бегентаев тағайындалды. Бұл туралы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мейрам Бегентаев V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болған. «Жаңа қызметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында көптеген маңызды міндеттерді орындауға тура келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік саладағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып,  халықты жұмыспен қамту мәселелеріне баса назар аудару қажет», – деді жаңа орынбасарын таныстырған облыс әкімі Болат Бақауов. Мейрам Мұхаметрақымұлы 1974 жылы 1 мамырда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Заречное ауылында туған. 1991 жылы Железин орта мектебін бітіріп, Павлодар индустриалды институтына оқуға түсіп, 1996 жылы «Автомобиль және трактор жасау» мамандығы бойынша интситутты үздік аяқтайды. 1994 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 1999 жылы Павлодар университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген. 1999 жылдың сәуір айынан бастап Павлодар университетінің мәдениет академиясының директоры, 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап қоғамдық ғылымдар кафедрасының оқытушысы болған. 2003 жылы ІІІ шақырылған Павлодар қалалық маслихатының депутаты болып сайланды. Сол жылдың қазан айынан бастап С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әкімшілік департаментінің директоры, проректор болып қызмет атқарды. 2005 жылдың сәуір айында «Студенттік және жастар еңбек отрядының Павлодар облыстық штабы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды. 2006 жылдан бастап ҚР студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядының республикалық штабының бірінші орынбасары, 2007 жылы IV шақырылған Павлодар қалалық маслихатының депутаты болып сайланды, Павлодар қалалық маслихатының әлеуметтік саясат бойынша комиссиясының төрағасы болды. 2010 жылдың желтоқсан айында бірінші проректор - стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие жұмысы проректоры болып тағайындалды. 2011 жылы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалының Павлодар облыстық қоғамдық сайлау алдындағы штабының төрағасының орынбасары болды. Фарида Бықай. Дерек, фото: pavlodarnews.kz.