07 Мамыр, 2016

Құрметті отандастар! Құрметті ардагерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тың еңбеккерлері!

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
100-824Қазақстан халқы Ассам­блеясы сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды! 9 мамыр – Қазақстанның басты мерекелерінің бірі және солай болып қала береді. Ол біздің жүректерімізде жақсылық пен гуманизм салтанатының, халықтың батырлығы мен көзсіз ерлігінің, Ұлы Жеңіс үшін өз өмірлерін қиған батырларды мәңгі есте сақтаудың символы ретінде орын алды. Біз жер бетінде бейбітшілік орнауы үшін өшпес ерлік жасағандардың алдында мәңгі-бақи қарыз­дармыз. Халықтың күші мен өр келбеті қазақстандықтардың соғыс жылдарын­дағы ерен еңбегі туралы қасиетті естелікті бір-біріне жеткізіп келе жатқан ұрпақтардың үзілмес байланысында көрініс тапқан. Ол өз еліңе деген мақтаныш сезімін оятып, азаттық пен патриотизм рухын нығайтады. Жеңіс күнінің  орасан зор рухани маңызы бар. Ол Қазақстан тарихында және әрбір азаматтың тағдырында мәңгілік естелік болып қала береді. Жеңіс жауынгерлерінің даңқы арта берсін! Сіздер бізге азаттық пен бейбітшілік сыйла­дыңыздар. Сіздердің өшпес ерліктеріңіз ұрпақтардың жүректерінде мәңгі-бақи сақталады. Біз сіздерге бас иіп, тағзым етеміз, қымбатты ардагерлер! Денсаулық­тарыңыз мықты, өмірлеріңіз ұзақ болсын! Шаңырақтарыңыз әрдайым татулық пен келісімнің мекені болсын! Мереке құтты болсын! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі