13 Мамыр, 2016

Әмбебап басылым

670 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ЭнциклопедияЖақында «Арыс» баспасынан «Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы» энциклопедиясы атты көлемді кітап жарық көрді. Бұл еңбек Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында көпшіліктің қолына тиіп отыр. Бұл әмбебап басылымды Маң­ғыстау об­лысының әкімі А.Ай­дар­­баевтың қолдауымен Ақ­тау қалалық «Қазақ тілі» қоғамы дайындаған болатын. «Маңғаз өлке, майталман жандар» деген алғысөзінде Алик Ай­дарбаев еңбектің ма­ңы­зын былайша түйін­дейді: «Қойнауы мұнай мен газға бай бұл өлкенің төсінен өрген төрт түлігі мен те­ңізінде балығы тайдай тулаған табиғи бай­лығы қашаннан халқының ырзық-несібесін айырып келеді. Сол байлықты молайтып, ел­дің игілігіне айналдыру жолында тер төккен талай майталман малшылар мен балықшылардың, ауыл еңбеккерлерінің еңбегі ұшан-теңіз. Бүгінгі ұрпақ аталар мен әкелердің ерлік істерін, еңбектегі өнегесін білуі керек, олардан үлгі алып, тәуелсіз еліміздің болашағы жолындағы іс-әрекеттерінде шам­шырақтай бағдар қылып отыруы тиіс. Елбасымыздың «Жал­пыға Ор­тақ Еңбек Қоғамы» идеясы баршамызды осындай еңбексүйгіш жасампаздыққа үндейді». Көне мәдениет пен бүгінгі өрке­ниеттің көпіріне айналған Маңғыстау өлкесінің шежіресі, ауыл тұрмысы мен шаруашылығының айнасы іспетті бұл еңбекте бұрын-соңды ғылыми-ақпараттық айна­лымға түспеген мұрағат деректері мен құнды құжаттар, көне фотосурет нұсқалары молынан пайда­ланылған. Ба­сылым түрлі-түсті су­реттермен, сұлба-кар­талар­мен әсем бе­зендіріліп, сапалы қа­ғаз­­ға ба­сылған. Кітапта ауыл шаруа-шылығының барлық салалары қам­тыл­ған. Басылымның тарихи-этно­графиялық сипаты да көпшіліктің көңілінен шығады деген ойдамыз. Халық қолөнері, үй кә­сіпшілігінің дамуы, тұр­мыстық бұйым­дар­дың тіршілікте, шаруа­шы­лық­та қолданылу аясы көрсетілген. Осындай игілікті іске ұйытқы болып келе жатқан Ақтау қалалық «Қазақ тілі» қоғамы бұдан өзге Махамбет, Шотан сынды халық батырларының ерлік істері мен өмір жолы, Ұлы Абай мен Ә.Ке­кілбаевтай сөз зергерлерінің шы­ғар­­машылығына ерекше мән беріп, халыққа жеткізіп ке­леді. Іргелі еңбекті сапалы етіп шы­ғаруға атсалысқан, кітап басу ісінде көп жылдық тәжірибесі бар «Арыс» баспасының ұжымына бас­па директоры Ғарифолла Әнеске ризашылығымыз шексіз. Әділет ҚАБЫЛОВ, филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов атындағы университет профессоры