Өңірде өткізіліп жатқан «Ағаш отырғыз» экологиялық акциясына «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметкерлері бір кісідей атсалысып, өздерінің үлестерін қосуда.
Экологиялық айлық аясында ұйымдастырылған шара барысында олар Тұңғыш Президент Н.Назарбаев атындағы Орталық саябаққа өздерінің қаражатына сатып алынған 50 түп пирамидалық терек көшетін отырғызды. Орталық саябаққа игілікті іске өздерінің қолтаңбасын қалдыруға келген зауыттықтар бірі көшеттерді отырғызып жатса, енді бірі отырғызылған ағаштардың түбіне су құйып, жұмысты қыздыра түсті. Зауыттықтардың қолымен отырғызылған ағаштар саябақта жайқалып өсіп, алып бәйтерекке айналсын деген ырыммен алқызыл лентаны да байлауды ұмытқан жоқ.
– Экологиялық мәселе біздің компанияда жалпы әрдайым басты назарда ұсталады. Біздің зауытта ағаш отырғызу жыл сайын жүзеге асырылады. Ағаш егу – тазалықтың, жақсылықтың нышаны. Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғау, таза ұстау, абаттандыру, көгалдандыру ісіне үлкен жауапкершілікпен қарағаны дұрыс деп ойлаймын. Бұл – баршаға ортақ іс. Бүгін, міне, металлургтердің атынан Орталық саябаққа ағаш отырғызып, қолтаңбамызды қалдырып жатырмыз. Бұл шара жақсылықтың нышаны болып қана қоймай, елімізді көркейтуге, жасыл желекке айналдыруға қосқан кішкентай ғана үлесіміз деп білемін, – деді қоршаған ортаны қорғау басқармасының инженер-экологы Өтеген Сапарберген.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Әлем • Бүгін, 11:57
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:50
Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 11:41
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Оқиға • Бүгін, 11:35
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:24
Пышақ ала жүгірген: Астанада 7 жастағы баланың әрекеті жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07