АСТАНА. 13 мамыр. Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатында үйлену тойы кезінде жол апатынан 8 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
DNA басылымының ақпарына сүйенер болсақ, жол-көлік оқиғасы Батыс Миднапур округінде болды. Полиция қызметкерлері үйлену тойы кезінде меймандар мінген пикап автомобилі жол жиегіндегі ағашқа соғылып, аударылып қалған. Салдарынан 6 адам оқиға орнында қаза тапса, 2 адам ауруханаға барар жолда қайтыс болған.
Ал күйеу жігіт пен қалыңдық басқа көлікте болғандықтан зардап шекпеген.
Айта кетейік, аталған мемлекет жол апаты мен осыдан қаза табушылар көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы елдердің қатарында тұр. Бейресми мәліметтер бойынша, Үндістанда жылына 200 мыңға жуық адам жол-көлік оқиғасынан опат болып, жүздеген мыңы түрлі деңгейде жарақат алады.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: РИА «Новости».
• 13 Мамыр, 2016
Үйлену тойы кезінде болған жол апатынан 8 адам қаза тапты

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10