Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22271 материал табылды

Әлем • 09 Желтоқсан, 2020

Тіл және локдаун

Коронавирус індетінің басталғанына бір жылға жуықтаса да, әлі күнге шартарапты әбігерге салып отыр. Күн сайын қауіпті дертке шалдыққандар саны артып барады. Қуанышымызға орай ғалымдар бірнеше вакцинаның қауіпсіз екенін мәлімдеді. Осындай кезеңде індеттен туындаған қиындықтың екінші жағы шығады. Ол – моральдық мәселе. «Egemen Qazaqstan» газетінің Project Syndicate жобасы аясында жариялайтын бүгінгі мақалалар топтамасында осы түйткілдер көтерілген. Корнелл университетінің экономика профессоры Каушик Басу өз мақаласында індетпен күреске тілдің әсері туралы ой қозғайды. Оның айтуынша, пандемияға қарсы шаралар қабылдауда кешенді шешім ұстанған жөн. Осы орайда автор Үндістанды мысалға келтіреді. Аталған елдің билігі наурызда қатаң локдаун енгізгенімен, қарапайым жұмысшылардың жағдайын ескермей, індеттің таралуына жол беріп қойды. Каушик Басу індетпен күресудегі ендігі шешім ретінде COVID-19-дан жазылып шыққандарды жалақысы жоғары жұмысқа шақыру деп есептейді. Цюрихтегі Швейцария жоғары техникалық мектебінің Есептеуіш әлеуметтік ғылым профессоры Дирк Хелбинг пен Лугано университетінің бизнес этика профессоры Питер Селе індетпен күрестегі қабылданған шаралардың моральдық жағын әңгімелейді. Қазіргі таңда бірқатар елде науқастарды іріктеуде жасанды интеллект қолданылатыны белгілі. Авторлар мұндай қадам қаншалықты этикаға сай келеді деген сауал тастайды. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Таным • 09 Желтоқсан, 2020

Отты жырдың Оқжетпесі

Түнде Ерағам, кәдімгі көсемсөздің серкесі, әсем жырдың еркесі ерен ақын Еркеш Ибраһим түсіме енді. Көкше тауларының батысқа қарай созылып, Жекебаяқ даласымен ұласатын тұсындағы бір сілемі – Ақан тауының етегінде қарашаның жел үйірген жеңіл қары үкідей желпілдеген биікке қызықтай қарап тұр екен деймін. Кенет жотадан зулап келе жатқан қолшана жанынан өте бере бұлт ете түсіп, үстіндегі бала екі-үш аунап тұрып, төмен құлдилай жөнелген шанада жұмысы жоқ, құлағанына қысылғандай ыржиып ақынға қарады. «Байқасаң еді, бәтір, бір жерің ауырып қалған жоқ па?! – деп елжірей түсіп, – бірақ бәріміз де белестен асқанда осылай бір-бір құлап тұрғанбыз..., – деп күліп жіберді. Сол дауыстан оянып кеттім. Апырай, қараша ақынның өмір есігін ашқан айы еді ғой, соны ұмытып кеттіңдер-ау деп жүр ме ұлы рухы жарықтықтың. Иә, жанары от шашып жарқылдап ортамызда жүрсе, тоқ­санға келгенін тойлап жатар едік қой деп ұзақ ойға шомып, қайтып көз іле алмадым.

Саясат • 09 Желтоқсан, 2020

Үшінші сектордағы үлесіміз неге аз?

Жақында Қарағандының жаңа әкімі үкіметтік емес ұйымдардың басын қосып, онлайн кездесу өткізді. Сонда байқағаным, бұл секторда жер­гі­лікті ұлт өкілдерінің үлесі мүлде аз екен.

Елбасы • 09 Желтоқсан, 2020

Елбасының еңбегін ерекше бағалады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.

Президент • 08 Желтоқсан, 2020

Қойшының баласы Қ.Тоқаевқа Ашық хат жазды

"Shopan ata" ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына Ашық хат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Әдебиет • 08 Желтоқсан, 2020

Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы: Атмосфера және стиль

Эссе: жаңа көзқарас ("Абай жолы", "Жазушы" баспасы, Алматы, 2013) "Классической является та книга, которую некий народ или группа народов на протяжении долгого времени решают читать так, как если бы на ее страницах все было продуманно, неизбежно, глубоко, как космос, и допускало бесчисленные толкования".                                                        Хорхе Луис Борхес

Экономика • 08 Желтоқсан, 2020

Тендерді тиімді бөлу қажет

Құрылыстың құрығы ұзын. Бірде-бір сала дәл осы құрылыс саласындай көптеген жұмыс орындарын аша алмайды. Мысалы, құрылыс жүргізу үшін ең алдымен жұмысшы керек. Құрылыс материалдары мен құрал жабдықтар керек. Ағаш өңдеу, текстиль, әйнек, фарфор, транспорт, энергетика, міне, мұның бәрі құрылыстан тыс қалмайды. Ал бұл елімізде шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашады. Жоғары жақтан қомақты сұраныс болғаннан кейін біреу есік-терезе құрастырады, біреу әйнек, фарфор жасап, екіжақты бизнес қыза түседі. Былайша айтқанда құрылыс адамдарға баспана сыйлаумен қатар, ел экономикасын ілгерілетеді.

Руханият • 08 Желтоқсан, 2020

Жайсаң жан

Қазақ тіл білімінің дамуына бар ақыл-ой қуатын, бар ғұмырын арнаған, қоғамдық сананың кемелденуіне, замана талаптарына сай ұдайы жаңғыруына зор үлес қосып келе жатқан көнекөз ғұламалар мен ұстаз-ғалымдардың жан жағына жарық шашқан жарқын шоғыры бар еді. Оның тобында ақырын жүріп, анық басып келе жатқан қарымды қайраткерлердің бірі Рақыш Сәтұлы Әмір болатын. Бүгінде сол жарық шашқан жарқын шоғырдың тобы селдіреген, көз жетер жерде тоқсаннан жүзге қарай өрлеп келе жатқан Рақыш Сәтұлы көрінеді.

Руханият • 08 Желтоқсан, 2020

Терең тарихтың тұнбасы

Осыдан жеті жүз жыл бұрын парсы тілінде жазылған, кезінде барлық оқымыстылар мойындаған және «ортағасырлық энциклопедия» ретінде танылған Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-тауарих» атты кітабын қалың жұртшылық ақиқат тарих деп санайтыны белгілі. Рашид-ад-Дин бұл кітапта келтірілген деректердің XIII-XIV ғасырларда Иран мемлекетінде хандық құрған Шыңғыс хан әулетінің қазыналарында аса құпия сақталған «Алтын дәптер» сияқты дереккөздерден алын­ғаны тура­­­­лы бірнеше рет атап өткен. Аталған кітап әлем жұрт­шы­лы­ғына тек XIX ғасырда ғана танымал бола бастаған.