Экономика • 04 Қараша, 2021
Қант қызылшасын өсіру – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі
Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Соның ішінде отандық қызылша тұқымы шаруашылығын оңтайландыруды арттыруға айрықша көңіл бөлініп отыр. Осы ретте қант қызылшасын өсіруге ерекше назар аударыла бастады.
Қазақстан • 03 Қараша, 2021
Бұл –Үшарал ауылы. Ақбас Алатаудан бастау алатын Талас өзенінің толқынды мол суының саябырсып барып, кең далаға жайылатын етегінде тұрған атақоныс.
Таным • 03 Қараша, 2021
Ханымдар мен мырзалар! – деп сөз бастаймыз шаршы топта. Осылай дегеніміз дұрыс па, ойланайық. Талқыға салайық. Бұл «Дамы и господа» деген орысшаның тура аудармасы. Сондықтан «Құрметті ханымдар мен мырзалар» деуді дұрыс деп қабылдап жүрміз. Мүмкін, бұл қателік те емес шығар, бірақ қазақша ойлаудан тыс түсінік.
Қоғам • 02 Қараша, 2021
Тіл реформасы: Жаңғыру және жаңашылдық
Қазақстандағы тілдік реформа еліміздің саяси тәуелсіздікке ие болуымен тікелей сабақтас. Тәуелсіздігін жариялаған посткеңестік мемлекеттердің барлығында да саяси, экономикалық реформалар жүргізілді. Ол түсінікті де. Ал тілге келсек, мұндай реформалар әліпби ауыстырумен байланысты болды. Мысалы, әзербайжан, ғағауыз, қарақалпақ, өзбек, түрікмен тілдерінің латын әліпбиіне көшуі тілді жаңғыртудың негізі болды.
Қоғам • 02 Қараша, 2021
Өнегесі, тәлімі оқшау ойшыл...
Кейде алып бара жатқан шаруам болмаса да өзім тәлім алған Қазақ мемлекеттік университетіндегі журналистика факультетін жападан-жалғыз аралап қайтамын. «Шіркін, анау бір самала залдарда бір кездері қазақ журналистикасының ары мен абыройлары отырып еді-ау» деп ой теңізіне шым батқандай күй кешемін.
Қоғам • 02 Қараша, 2021
Бар ғұмырын еңбекке арнаған, туған жерін түлетуге атсалысып, ел қамын ойлаған қаншама абзал азамат бар. Ондаған жыл қызу еңбектің көрігінде шыңдалған сол саңлақтар «бейнет қыл да, міндет қыл» деген емес. Төрде отырып алмай, әлі де ел-жұртына қызмет етіп келеді. Мен бүгін осындай ағалардың бірі – Сыр еліне сыйы артқан Серік Әбішұлы Дүйсенбаев туралы айтқым келеді.
Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Қостанай автозауытында 150 мың көлік шығарылды
Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» автомобиль зауытының конвейерінен 150 мыңыншы автомобиль шықты.
Экономика • 01 Қараша, 2021
Энергетикалық сектор жаңғыртуды қажет етеді
Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребековтың айтуынша, қазір еліміздегі энергетикалық желілердің қуаты 23 мың мегаватты құрайды. Өкінішке қарай, оның тең жартысы әбден тозып, ескірген.
Әдебиет • 01 Қараша, 2021
Жамбылдың жауһар жырларының академиялық жинағы
Жамбыл – қазақ әдебиеті тарихындағы суырыпсалма ақындықтың, авторлық ауызша әдебиеттің көрнекті өкілі. Оның шығармашылық мұрасы – ғасырдан-ғасырға ұласқан жыраулық, жыршылық, ақындық дәстүрді саф алтындай таза күйінде жеткізген жауһар жәдігер. Ақындық, айтыскерлік, жыршылық өнерді ұлттық мәдениеттің биік өресі деп таныған қазақ қоғамы шығармашылық тұлғаны қашанда туралықтың, әділеттіліктің, адамгершіліктің символы ретінде ардақ тұтты.
Қоғам • 01 Қараша, 2021
Қылышынан қан тамған Кеңес Одағының саясатына қарсы шығу екінің бірінің қолынан келмейтін іс еді. Әсіресе 1960 жылдары кеңестік идеологияның ызғары қатты болатын. Ол кезде идеологияның кемiстiктерiн көре бiлу үшiн ерекше бiлiм және көрегендік, сыни пiкiрлердi ашық айту үшiн жүрек жұтқан батылдық керек болды.