Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22276 материал табылды

Руханият • 22 Қазан, 2020

Қос ішекті қоңырым

Сенің болмысыңда тақыс тағдырдың жазуы бар, шежірелі шанағыңда көкбөрінің азуы бар. Дүрия-жамал даланы дүбірге бөлеген, шабысы мен шалымы шабытына қарай өлермендене аспан төсіне өрлеген, алп-алп басқан атандай буырқанған бабалардың мыңжылдықтан бері мұңын шағар жолдасы сен едің, қасиетіңнің салмағын Қаратауға теңедім, қадіріңді ақ айтсам Алатаудай көремін, нәсілі асыл өр елім, өзегі бүтін өренім сен дегенде көңілін көкжиекке сүңгіткен, сақи дүние тілі мен тіні болған өзіңнен өткінші жалғаннан жан жарасын жазатын дәруі мол сыр күткен емес пе еді бағзыда?!

Сұхбат • 22 Қазан, 2020

Пандемия БАҚ саласына да өзгеріс әкеледі

Әлемде белең алған пандемияның жаһандық медиабизнеске әсері қандай боларын болжауға әлі ертерек. Ал көршілес Ресей экономикасының барлық саласына әсер етіп үлгерген COVID-19 медиа индустрияға да кері ықпалын тигізді. Ресейде 148 мың медиа агенттік тіркелген. Олардың үштен екі бөлігін газеттер мен журналдар құрайды. Пандемия салдарынан елдегі медиа алпауыттардың өзі жылдың соңына дейін табыстың 50%-ға дейін төмендейтінін болжап отыр. Осы орайда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетінің деканы, профессор Елена Леонидовна ВАРТАНОВАМЕН тілдесіп, пандемияның Ресей медиаландшафтына тигізген кері әсері жайында әңгімелескен едік.

Қоғам • 22 Қазан, 2020

Қазақтың келіні болғаныма разымын

Қазақстанда 1973 жылдан бері тұрып келемін. Өзім қазақтың келінімін. Аты-жөнім – Татьяна Алексейқызы Тасеменова. Мен Қазақстан тарихы, ата-бабаларымыздың ерлігі мен батылдығы туралы көптеген кітаптар оқыдым. Бұл оқыған кітаптарым менің қазақ халқына деген құрметімді одан сайын еселей түсті.

Пікір • 22 Қазан, 2020

Дастарқанның берекесі – диқаннан

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз саясатында ауыл мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Егер үстіміздегі жылдың мамыр айындағы мәлімдемесінде ол жеке қосалқы шаруашылықтар өнімінің сауда орындары арқылы ресми түрде сатылмай және өңдеу кәсіпорындарына жеткізілмейтініне алаңдаушылығын білдірсе, биылғы халыққа Жолдауында жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы сияқты шешімі табылмай келе жатқан түйткілдерді нақтылай түсті.

Абай • 22 Қазан, 2020

Толық адам танымы

Адамзат ойының алыбы Аристотель жазғандай, адам үшін ең әуелгі қажеттілік пен құндылық, бақыт пен байлық – адамгершілік. Мемлекет шаруашылық пен руханияттың түрлі-түрлі саласындағы білімді де білікті мамандар арқылы қуат тауып, құтқа жетіп өркендей бермек. Мемлекеттің тірегі мен тұтқасы саналар мықты мамандар ең әуелі Абай жырлаған толық адам, жәуанмәртлікті жан, үш сүюді ұстанған қайырымды кісі болмақ керек. Адамзаттың Будда, Конфуций, Сократ, Платон, Аристотель, Плотин, Әл-Фараби, ибн-Сина, И.Кант, Л.Толстой, М.Әуезов секілді озық ойлы даналарының бәрі де өз заманында әсіресе адам болу мен адамгершілікті айрықша дәріптеумен болған. Осы адамгершілік жайы Абай мұрасының да өзегі мен мәні болып табылады.

Абай • 22 Қазан, 2020

Үміткерлер анықталды

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Кө­шер­баевтың төрағалығымен онлайн форматта 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сый­лығын беру жө­нін­дегі комиссияның қорытынды оты­рысы өтті.

Саясат • 22 Қазан, 2020

«Бірлік» саяси партиясының парламенттік сайлау қарсаңындағы мәлімдемесі

«Бірлік» саяси партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс және мәслихаттарға сайлауды белгілеу туралы Үндеуін қолдайды. Сайлау науқанын Конституциямен бекітілген мерзімде өткізу партиямыз тарапынан құпталады.

Саясат • 22 Қазан, 2020

Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық Кеңесі Президиумының мәслихаттар мен Мәжіліс депутаттарының партиялық тізімдер бойынша сайлауын тағайындау туралы ел Президентінің Жарлығына қатысты мәлімдемесі

2020 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев мәсли­хаттар мен Мәжіліс депутат­тарының сайлауын тағайын­дау туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

Саясат • 22 Қазан, 2020

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руханият • 22 Қазан, 2020

Диссидент (Ұшқыр ойлы жас ұлан Қайырбек Әжібаев туралы бір үзік әңгіме)

1968 жылдың күзі. Кеңес өкіметі соның алдында бір жыл бұрын Қазан төңкерісінің жартығасырлық мерекесін дүбірлете атап өткен болатын. Осыған орай елдегі үлкен кәсіпорындарға, үлгілі ұжымшарлар мен қалалардағы орталық көшелерге «Қазанның 50 жылдығы» аты берілді. Ал газет, радио болса, халық тамағының тоқ, көйлегінің көк болуы «күн көсем» – Ленин өмірге әкелген осы идеяның арқасы деген насихат жұмыстарын жалғастыра жүргізіп жатты.