Руханият • 30 Сәуір, 2020
Жұмыла көтерген жүк қашанда жеңіл
Әлемді әлекке салған індетке байланысты Қазақстан аумағында карантин режімінің жарияланғанына да бір жарым ай уақыт болыпты. Осы мерзім еліміз үшін аса бір жауапты әрі сынақ кезеңі болғаны ақиқат. Карантин режімінде отыру ел-жұртқа оңай тимеді, ал оның басқа да қосымша зардаптары ұшан-теңіз болғаны анық.
Руханият • 30 Сәуір, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыстан миллиондаған жауынгер Отан қорғауда жанын қиып, елге оралмады. Солардың бірі – менің әкем Әшу Төлепұлы Ақышев.
Саясат • 30 Сәуір, 2020
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде төтенше жағдай режімін 11 мамырға дейін ұзартуға шешім қабылданғанын жариялады, себебі елімізде COVID-19 індетінің қаупі әлі сейіліп біткен жоқ. Біз осы жағдайға байланысты Президенттің шешімін қолдаймыз. Бұл алдыңғы дер кезінде қабылдаған шараларды толықтыратынын атап кеткім келеді.
Тарих • 30 Сәуір, 2020
Екінші дүниежүзілік соғысты біз көрген жоқпыз. Сол сұрапыл соғыстан аман-есен елге оралған майдангерлер бүгінге дейін «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс...» деп ауыр күрсіне отырып, сол отқа оранған жылдарын естеріне түсіріп, жанарлары жасқа шыланғанын талай рет көрдік. Облыстық архив қызметкерлерінің мәлімдемелері бойынша, Екінші дүниежүзілік соғысқа Жамбыл облысынан 41453 азамат аттанса, оның 15536-сы майданда қаза тауып, 17639-ы із-түзсіз, хабар-ошарсыз кеткен. 4746 адам еңбек майданына алынған.
Руханият • 30 Сәуір, 2020
Орталық Азия, Иран, Үндістан архитектурасы үлгісінде салынған Ишан базар мешіті Ордабасы ауданы, Аққойлы елді мекенінің солтүстік шығысындағы биік беткейге орналасқан. Ақ кірпіштен тұрғызылғандықтан кезінде «Ақмешіт» те аталған. Жергілікті тұрғындар осы атауын құп көреді. «Айғақ» телеарнасының директоры Мұхтар Серікбаев осы ауылдың тумасы. Бірде ол маған ауылының маңындағы Жусансай, Сарытоғайдан Қараханид дәуіріндегі тиындар мен жебе ұштары, құмыралар, қылыштар көптеп табылып, көпшілігі ұстағанның қолында кетіп жатқаны жөнінде айтқаны бар. Аққойлы ауылына сапарлауымыздың сыры осы еді. Бізді Исақ Садуардинұлы, Ерік Әшірбердиев, Балтабек Әуесов сынды қариялар күтіп алды. Осы күні ауыл адамдары жиналып, аруақтарға арнап ас бергелі жатыр екен. «Ишан базар» мешітінің тарихы жөнінде қариялар бірқатар сыр шертті.
Қоғам • 30 Сәуір, 2020
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы Премьер-Министр Асқар Маминге жолдаған үндеуінде мемлекеттік маңыздағы жолдар мен үйлер құрылысы жұмыстарына қатысуға дайындығын мәлімдеді.
Қоғам • 30 Сәуір, 2020
Қадірлі отандастар! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты тағы бір маңызды мәлімдеме жасады. Мәлімдемеге сәйкес ел көлемінде төтенше жағдай мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылды. Ірі қалалар мен облыс орталықтары карантинге алынғалы бір айдан асты. Алайда әлемдегі коронавирус індетінің уыты әзірге қайта қойған жоқ. Эпидемиялық ахуал ел билігін жаңадан шешімдер қабылдап, шұғыл шаралар қолдануға мәжбүрлейтіні анық. Президент мәлімдемесі арқылы мемлекет үшін ең маңыздысы – отандастарымыздың амандығы мен денсаулығы екенін тағы бір мәрте атап өтті. Сондықтан да жарияланған шешімдерді мемлекет толықтай мойнына алып отырған осы маңызды міндет тұрғысынан қабылдауға тиіспіз. Әрине карантин шаралары азаматтардың үйреншікті тірліктерінен бас тартып, күнделікті қажеттіліктерін шектеуге мәжбүрлейді. Десек те, індеттің аты індет. Дауасы белгісіз дерттің бетін қайтарып алмайынша ел болып карантиндік шарттарды сақтауға тиіспіз.
Абай • 30 Сәуір, 2020
Озық ұлттар бәйгесі басталған ХХІ ғасыр көшінде мемлекет құрушы ұлттың жасампаздық болмысы замана таразысына тартылуда. Бұл орайда адамзат өркениетіне көшпенділер әлемінің бірегей моделін жеткізген түркі текті қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі көтерер жүгі салмақтана түседі. Өз тарихында сан түрлі мемлекеттік биліктің дамуы, өркендеуі мен құлдырауын және қайта жаңғыру кезеңдерін бастан өткізіп, рухани-мәдени, ділдік ерекшелігі табиғат пен қоғамның үйлесімінде қалыптасқан халқымыз өз арасынан шыққан ұлы перзенттерімен де дараланады.
Абай • 30 Сәуір, 2020
Ұлы Абай жайында сөз айту, ой толғау әр қазаққа оңай секілді сезілгенімен, тап бермеде қиналып қалатыныңыз өтірік емес. Абайды білмейтін қазақ жоқ. Арғы-бергі уақыттың мінберінен Абай жайында сөз қозғап, ой тербемеген қазақ зиялысы аз. Оның басында Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы жазған «Қазақтың бас ақыны» деген әйгілі мақаласы тұр.
Қоғам • 30 Сәуір, 2020
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясының аясында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсетілуде. Аты жаман індеттің кезінде берілген бұл көмек өзіміз сынды аз қамтылған немесе әртүлі жағдайы бар отбасылар үшін шын мәнінде үлкен қолдау.