Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21553 материал табылды

Қоғам • 29 Наурыз, 2024

Әке мұрасын насихаттаған

Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында бір-бірімен сабақтас екі айтулы іс-шара өтті. Рамазан айында ұйымдастырылған бұл жиындардың имандылық пен парасатқа, дін мен дәстүрге, жалпы қазір өткір көтеріліп жатқан қоғамның асыл тәрбие-тәліміне тікелей қатысы бар.

Пікір • 29 Наурыз, 2024

«Бірлігің кетсе, нең қалар?..»

Ұлт болып ұйысу, жұрт болып жұ­мылу жолында зиялы қауым өкіл­де­рі­нің атқарар рөлі бөлек. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Ел ағалары ауызбіршілікті және ұрпаққа өнегелі болуы керек», деп ұлт зиялыларына қарата үн қатты.

Сұхбат • 28 Наурыз, 2024

Құпия қаріп пен жұмбақ жазбалар немесе әлем ғалымдары оқи алмаған сөйлем...

Адамзат баласының эволюциялық дамуына қарай жазу өнері де сан түрлі өзгеріске ұшырап, жетілу жолдарынан өтті. Әлемдік жазу тарихын зерттеуші ғалымдар оның даму динамикасын зерделеу нәтижесінде бүкіл жазу жүйесін үш түрге бөледі. Оларды ғылым тілінде пиктографиялық, идеографиялық (иероглифтік) және фонетикалық деп атайды. Көне жазуларды танып-білу арқылы түрік халық­та­ры­ның сан мыңжылдықты құрайтын тарихы бар, ежелден келе жатқан көне халықтардың бірі екенін дәлелдейтін «Өмірбаян туған күннен басталады», «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» атты зерттеу кітаптарының авторы, қаламгер-ғалым, тарихшы, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫНА жолығып, жазу-сызу жөнінде сыр шертіскен едік. Адамзат баласының эволюциялық дамуына қарай жазу өнері де сан түрлі өзгеріске ұшырап, жетілу жолдарынан өтті. Әлемдік жазу тарихын зерттеуші ғалымдар оның даму динамикасын зерделеу нәтижесінде бүкіл жазу жүйесін үш түрге бөледі. Оларды ғылым тілінде пиктографиялық, идеографиялық (иероглифтік) және фонетикалық деп атайды. Көне жазуларды танып-білу арқылы түрік халық­та­ры­ның сан мыңжылдықты құрайтын тарихы бар, ежелден келе жатқан көне халықтардың бірі екенін дәлелдейтін «Өмірбаян туған күннен басталады», «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» атты зерттеу кітаптарының авторы, қаламгер-ғалым, тарихшы, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫНА жолығып, жазу-сызу жөнінде сыр шертіскен едік. 

Зерде • 28 Наурыз, 2024

«Қайран біздің шешелер...»

Қазақ «Бұл жарық әлем күннің нұрлы сәулесінен, ананың ақ сүтінен жаралған» дейді аналарды ерекше құрметтеп. Аналарды қалай құрметтесек те жарасады. Аналар туралы нешебір ақындар керемет сырлы жыр жазып, сазгерлер әсем ән арнап, жазушылар сандаған қызықты роман, ­хикаят пен әңгіме жазып, қылқалам шеберлері өз сурттерінде аналар образын әсерлі өрнектеп, мүсінші­лер небір ғажайып ескерткіштер орнатты. Соның бір айғағы – біздің сүйікті Тараз шаһарының орталығына орнатыл­ған «Анаға тағзым» ескерткіші. Асыл аналар құрметі­не арналған осындай көрнекті ескерткіштер Ақтөбеде, Атыраудың Мақат пен Бейнеуінде, Қарағанды­ның Қарқаралысында және басқа да жерлерде орнатыл­ған. Бұл – көпшіліктің аналарға деген зор құрметі, халық­тың анаға деген шексіз махаббаты.

Егемен Қазақстан • 28 Наурыз, 2024

«Хат қоржын»

Қоғам • 28 Наурыз, 2024

ӘКК жұмысы қайтсе тиімді болады?

Елімізде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпора­ция­лардың жұмыс бастағанына 18 жыл бол­ды. Басында халық әлеуетін арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақ­са­тын­да әр өңір ерекшелігін ескере отырып құ­рылған бұл мекемелерді бүгінде орталық ат­қарушы органдар мен әкімдіктер бюджет қаражатын теспей сорып, оларды қа­рыз­ға белшесінен батыратын «қалтаға» ай­нал­дыр­ған.

Қазақстан • 28 Наурыз, 2024

Қазақстанда кәдеге жарату төлемінің мөлшері азаюы мүмкін

Сенатор Бекбол Орынбасаров азаматтардан түскен арыз-шағымдарды талдау негізінде Үкімет  басшысына депутаттық сауалын жолдап, кәдеге жарату төлемін, кедендік баж салығын және көлікті тіркеуге алым мөлшерін төмендетуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 28 Наурыз, 2024

«Сұраныс жоқ»: депутат агробизнес саласын дамыту тетігін ұсынды

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің сенаторлары 2022-2024 жылдар аралығында 50-ден аса депутаттық сауал дайындап, Үкімет басшысының атына жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан • 28 Наурыз, 2024

Су тасқыны: Қазақстанда қандай жолдармен жүру қауіпті?

«ҚазАвтоЖол» АҚ төрт облыстағы республикалық маңызы бар бес жолда еріген қар суы тас жолдан асып кеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 28 Наурыз, 2024

Ұрпақты кітап оқуға баулу - басты парыз

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Атырауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төра­ға­лығымен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ат­ты үшінші отырысы өтті. Расында да ұлтты ұйыстыратын, елдің дамуына ықпал ететін тақырыптар талқыланды. Құрылтайда Президент кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады екенін айтып, жастарды кітап оқуға баулуға шақырды.