Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22271 материал табылды

Спорт • 30 Мамыр, 2024

Көшпенділер рухы қайта жаңғырады

2023 жылғы 17 маусым Түркістан қаласында өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайының екінші отырысында Президент қоғамда жаңа құндылықтарды орнықтыру үшін қажетті сегіз нақты бағытты атап өтті. Оның ішінде, 2024 жылдың 8-13 қыркүйек аралығы өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәселесін көтерді.

Оқиға • 30 Мамыр, 2024

Киотодан келген келін немесе Ханоко құдаша, «Тулаған теңіз» биі, жапон болмысы хақында үзік сыр

Иә, иә... еш жаңсақтығы жоқ, келінді Киотодан түсірдік емес пе? Кәдімгі Жапонияның байырғы астанасы, императорлар шаһары атанған Киотоның дәл өзінен. Қазақ пен жапон құда болды. Бәлкім, бірінші де емес шығармыз... бірақ солай енді, Болат бауырымыздың Рұсланы Айоко келінді тура Америкада бірге оқып жүрген жерінен Алматыға «алып қашып» келді... Ақиқатында, екі жас өзара келісіп, оқуларын тәмамдап алып, шаңырақ көтерді. «Апыр-ай, жапондар қызын сыртқа шығармайды екен, өзіміз сияқты қыздарының жат жерге барғанын ұнатпайды екен» деген бар еді. Оның үстіне анау-мынау емес, келін жапондардың ұлт санатында ата-тегі түзілген киелі өңір Киотодан дегенде, несін айтасыз, ойланып та қалған жайымыз бар-ды.

Абай • 30 Мамыр, 2024

Абай әлемі –Татарстанда

Жақында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситеті мен Қазан федералды университеті арасындағы келісім аясында аталған оқу орнының Филология және мәдениетаралық коммуникация институтында «Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті орталығы» ашылды.

Білім • 30 Мамыр, 2024

Құқықтық білім беруді дамытудың жаңа концепциясы

Мемлекет пен қоғам өмірінде құқықтың атқаратын рөлі аса маңызды. Өйткені құқық нормалары тарапынан реттелмеген сала кемде-кем. Құқық ережелерді белгілеп, олардың орындалуын қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік беретін жүйені қалыптастырады. Құқықтық білім беру – осы маңызды міндеттерді жүзеге асырудың негізгі құралдарының бірі.

Қоғам • 30 Мамыр, 2024

Жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

28 мамырда Ішкі істер, Әділет, Оқу-ағарту, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Сот әкімшілігі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, жүргізушілерді даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер консорциумы басшылықтары мен жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 30 Мамыр, 2024

Алматы өмір сүру сапасы бойынша Мәскеу мен Шанхайды басып озды

Ұлыбританияның Oxford Economics аналитикалық компаниясы өзінің алғашқы Дүниежүзілік қалалар индексін құрастырды. Ол 1 000 ірі қалалық экономиканың бағалауын ұсынды. Ғалымдар Қазақстанның үш қаласын – Алматы, Астана және Шымкентті әлемдегі ең жақсы қалалардың қатарына қосты, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент • 30 Мамыр, 2024

Мемлекет басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ардагерлер ұйымының төрағасы, Ұлттық Құрылтайдың депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 30 Мамыр, 2024

«Бұл менің ақшам!»: Алаяқтар тағы бір зейнеткерді сан соқтырды

Қарағанды ​​облысының полицейлері мен банк қызметкерлері облыс тұрғынының алаяқтарға ақша аударуына тосқауыл қоюға тырысты. Алайда зейнеткер алаяқтардың сөзіне сеніп, оларға 750 мың теңге аударған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 30 Мамыр, 2024

Су тасқыны: Ақтөбеде 494 үйдің құрылысы басталды

Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 652 үйді қалпына келтіру жоспарланды. Бүгінгі таңда 494 тұрғын үй салынып жатыр, 309 отбасы дайын баспана сатып алуға шешім қабылдады. Қазір тек Ырғыз өңірінде үйлерді су басып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 30 Мамыр, 2024

Елімізде 39 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл сайын полицияға ата-анасының қарауынсыз түнде көшеде жүрген 100 мыңнан астам кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.