Таным • 04 Мамыр, 2021
Данышпан ұлы Абай: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем,екіншісі – ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» депті. Қандай даналық пайым! Қандай ұлағатты таным!
Оқиға • 04 Мамыр, 2021
Алматы қаласында Мемлекеттік хатшы – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен – ғалымдармен және сарапшылармен кездесу өткізді, деп хабарлады akorda.kz сайты.
Елбасы • 03 Мамыр, 2021
Қазақ елі тәуелсіздік алған сәттен бүгінге дейінгі кезеңде «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» қазақ даналығын әлемдік биікке көтерген хакім Абайдың есімін асқақтатуда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерекше орасан.
Білім • 03 Мамыр, 2021
Инновациялық мектептер игілігі
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл мектептеріндегі орта білімнің сапасын көтеруде білікті педагог кадрларды даярлауды жетілдіру үшін дарынды жастарды іріктеп, отандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарында даярлау, дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу міндетін күн тәртібіне қойды.
Пікір • 30 Сәуір, 2021
Елде тыныштық болмай бейбіт өмірді елестетудің өзі қиын. Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Тәуелсіз Қазақ елін ата-бабаларымыз аңсап кеткен еді. Осы жолда аянбай еңбек ете тер төгіп, күрескен болатын. Бүгін, міне, сол тәуелсіздікке қол жеткізіп, тәуелсіз еркін ұрпақ өсіп келеді.
Оқиға • 30 Сәуір, 2021
Бұған дейін қолға алып жүруге қолайлы сөмке түріндегі құрастырмалы «әсем бесігімен» көпке танылған тараздық ісмер, облыстық шеберлер қауымдастығының төрағасы Пернебек Ахметов, міне, ұлттық брендіміз – киіз үй құрылымын одан әрі жетілдіріп, жаңғыртуды қолға алып отыр. Ол жуырда баласы Аят екеуі мүдделі тараптарға «Хан сарайы» кешенінің жобасын жасап ұсынды.
Руханият • 30 Сәуір, 2021
Қазақстан халқы Ассамблеясының 1 мамыр – Бірлік күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді шын жүректен Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды!
Үкімет • 30 Сәуір, 2021
Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясының Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуөткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Оқиға • 30 Сәуір, 2021
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 2021 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталғанын хабарлайды.
Руханият • 30 Сәуір, 2021
XXIX сессия – Тәуелсіздік пен достықты нығайтудың жаңа кезеңі
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясының мәні мен маңызы айрықша. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде өткізілген іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылында этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы жетістіктерді қорытындылау ретінде ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың татулық пен келісім саясатының дамуына жаңа серпін берген сессия ретінде де Қазақстан тарихына енеді.