Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20520 материал табылды

Руханият • 28 Сәуір, 2020

Амандас, замандас!

«Сәлем – сөздің анасы» дейді біздің қазақ. Үлкенге сәлем беріп, алғысын алу – қазақ салт-дәстүрінің ең озық түрі. Сәлемі түзу балаға үлкендер «Көсегең көгерсін, жүз жаса, бақытты бол» деп алғыс айтқан. Дұрыс амандаспаса, «үлкенді сыйлай білмейді, көргенсіздің баласы» деп ата-анасын кінәлаған. Осылай баласына қарап, ата-анасына баға берген. «Атаңа сәлем бер», «Әжеңмен амандас», «Оң қолыңды беріп амандас» деп жастайынан үйреткен.

Қоғам • 28 Сәуір, 2020

Төтенше жағдай – вирусқа тұсау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайдың ұзартылуына қатысты жасаған мәлімдемесі аса қажетті шара деп білемін. Жаһанды әбігерге салған пандемияның елімізде өршіп кетпеуі ең алдымен осы төтенше жағдай режімінің уақтылы енгізілуімен тікелей байланыс­ты.

Таным • 28 Сәуір, 2020

Әбу Насыр әл-Фараби мен әл-Мүтанабби

Оқсыз бен Отырар ­Отырардың (Фараб) біртуар асыл пер­зенті, энциклопедист ұлы ғалым Әбу На­сыр әл-Фарабидің (870-950) есі­мі қазір әлем жұртшылығына әйгілі. Ежелгі қазақ шаһары Отырарда дүниеге келген Әбудің ғалымдық атағы тіпті XI-XII ғасыр­лардың өзінде-ақ жаһанға жа­йылған. Профессор Е.Э.Бертельс: «Әбу Насыр әл-Фарабиді түркітекті әскери қол­бас­шы­­ның жанұясында дүниеге келген. Оқсыз (Уасидж) халқы исламды 839/40 жыл­­­дары қабылдаған. Уасидж (Оқсыз) үлкен орталық еді. Оның 70 мыңға жуық тұр­­ғыны, базары және күмбезді мешіті бар-тын.  

Руханият • 28 Сәуір, 2020

Мәриям туралы ән

Бұл ән… ән емес-ау, баллада… оқиғалы дүние. Ол отызыншы жылдардың бас кезінде шыққан, сол кездің өзінде-ақ бүкіл қазақ жеріне ескек желдей тараған. Оны, әсіресе аға интеллигенция өкілдері сүйіп тыңдайды, өйткені ол – сол алғашқы ұрпақтың сүйікті әні.

Руханият • 28 Сәуір, 2020

Табысынан айырылғандарға таяныш болды

Қазақ ежелден атын атамайтын аты жаман ауру біздің елге келгеніне де бір айдан асты. Басында қарапайым халық онша қабылдай қоймағанымен, әлемде болып жатқан жағдайларды көріп, сабақ алды.

Коронавирус • 27 Сәуір, 2020

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 25 адам тіркелді

Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 сәуірдің 23:00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай туралы coronavirus2020.kz хабарлады.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасында ҰБТ өткізу тәртібі түсіндірілді

Карантинге байланысты 9 (10) сынып оқушыларына арналған бітіру емтихандары мен 11 (12) сынып оқушыларына арналған мемлекеттік емтихандар алынып тасталды. Ал түлектер ҰБТ-ны 11 сыныптың төртінші тоқсанындағы бағдарлама сұрақтарынсыз тапсырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан • 27 Сәуір, 2020

Бірлік қана жеңіске жеткізеді - Нүкетай Мышбаева

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуір күнгі Қазақстандағы карантинді 11 мамырға дейін ұзарту жөнінде қабылдаған шешімі жайлы естіп, өзімнің бұл шараға толық қосылатынымды айтқым келеді. Қарап отырсаңыз, жан-жақтағы әлем елдері түгел осы шешімге бейіл беріп отыр. Еуропа, ТМД елдерінің көпшілігі карантин мерзімін мамырдың ортасына дейін, кейбірі тіпті мамырдың соңына дейін ұзартатынын жариялады.

Парламент • 27 Сәуір, 2020

Сенаторлар компанияларды іріктеудің жаңа тәсілдерін ұсынуда

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму кезеңінде қазақстандық бизнесті қолдау шаралары мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған вице-спикерлер Бектас Бекназаров, Асқар Шәкіров, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 27 Сәуір, 2020

Шетелде Қазақстанның 175 мың азаматы жүр - министр

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

Яндекс.Метрика