Taza.kz
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24775 материал табылды

Саясат • 03 Наурыз, 2026

Азия даму банкі ауқымды жобаларды қаржыландыруға мүдделі

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Азия даму банкінің (АДБ) президенті Масато Канда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген стратегиялық бағыттар шеңберінде инвестициялық ынтымақ­тастықты дамыту мен инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады.

Саясат • 03 Наурыз, 2026

Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл

Қасым-Жомарт Тоқаев тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму моделінде ауқымды әрі жүйелі өзгерістер болды. Бұл жылдар жер бетін түгел жайлаған пандемия, әлемдік экономиканың баяулауы, инфляциялық және логистикалық сын-тегеуріндер, геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық ахуалдың аса күрделі кезеңімен, сондай-ақ жылдар бойы жалғасқан ішкі экономикалық әрі саяси теңсіздіктерді еңсеру қажеттілігімен тұспа-тұс келді.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2026

Мемлекет басшысы Маңғыстауды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне нүкте қойды

Маңғыстау облысында соңғы жылдары Президент тапсырмасымен ұзақ уақыттан бері қордаланған инфрақұрылым мәселелері шешілді. Олар Кеңес заманынан бері күн тәртібінен түспей келген еді. Бүгінде өңір қарыштап дамып, әр салада ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы осы және Ата заңның жаңа нормалары туралы облыс тұрғындарымен сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ата заң • 02 Наурыз, 2026

Жаңа Конституция жобасы кемел қоғамның моделін ұсынады

2026 жылғы 15 наурызда жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылатын жаңа Конституция жобасы – мемлекеттік құрылысты жай ғана құқықтық жаңарту емес. Мұнда бұдан да терең міндет тұр: қазіргі қоғамда мемлекет қалай жұмыс істеуі керек және бұл жүйеде адам мен азаматтың орны қандай болуы тиіс деген мәселені айқындау. Негізгі идея қарапайым – мемлекет азамат үшін қызмет етеді, яғни адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін.

Ата заң • 02 Наурыз, 2026

Бибігүл Жексенбай: Жаңа Конституция – Ұлттық құрылтайда басталған реформалардың логикалық жалғасы

Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғылыми интеллигенция, жаңа технологиялар және IT саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында сенатор елімізде кеңінен талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызына тоқталып, оны Әділетті Қазақстан құру жолындағы қоғамдық келісімнің көрінісі ретінде бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 28 Ақпан, 2026

Адал адам - әділетті мемлекет

Адал адам тақырыбына қалам тартып жүргендер баршылық. Шынтуайтқа келгенде адам-қоғам мәселесі терең философия оған атүсті қарауға болмайтын, қалай болса солай қалам тартуды көтермейтін тақырып. Күн тәртібінде Жаңа Конституцияға енетін өзгерістер. Жаңа жобаның 1-ші бабында Мемлекеттің ең жоғары құндылығы - адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары десе, 3-ші бапта Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды,инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды деп айқындалған. Демек, бәрі Адам үшін, Конституцияның өзі адам мен мемлекет арасындағы құқықтық мәмле, адамдардың қоғамдағы іс-әрекетіне берілген құқықтық заңнамалық кепілдік. Конституцияның басты маңыздылығы да адамның мүддесі үшін құқықтық қызмет етуінде жатыр.

Қоғам • 28 Ақпан, 2026

Мейірбан жұртыма ризамын

Анам жағынан таратқанда менің арғы атам Пермь өңірінен Қазақстанға 1892 жылдары келген екен. Олар осы Петропавл қаласында өмір сүріпті. Ал нағашы атам осында реалдық училищені бітіріп, бухгалтер мамандығын алып, «зооветснаб» саласында экспедитор болып істеді. Қазақтармен бірге жұмыс істеп, үнемі араласып тұратын. Малға дәрі алу үшін ауылдағы кеңшарлар мен ұжымшарлардың басшылары, жабдықтаушылары жиі келетіні есімде. Қазіргі Интернационал көшесіндегі алтыншы үйде тұрды. Сол үйге ауылдың қазақтары келіп, қонып та жүретін. Кейін бұл үй сүріліп, атам мен әжеме басқа жерден жаңа үй берді. Атамның аты Борис Михайлович Могильников еді, шешем – сол кісінің қызы.

Тарих • 28 Ақпан, 2026

Зиялылық заңғары

Әр дәуірдің, тіпті әр жылдың топ жарғандары болады. Олардың атқарған ісі, өнегесі өлшеусіз. Тіршілігінде биіктігімен, кемелдігімен көрінеді. Алдыңғы толқын мақтан етсе, тұстастары тұғырының мықтылығына сүйсінеді. Кейінгі толқын үлгі етсе, жастар ұқсап бағуға талпынады. Болмысы бүтін жаратылған азаматтың бойында мұндай құбылыс білім мен білік ұштасқанда, шын дарын жан-жақты ісімен толысып танылғанда шоқ жұлдыздай жарқырап шығады.

Ата заң • 27 Ақпан, 2026

Жас сарапшылар Конституциялық комиссия мүшелерімен бірге жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Конституциялық комиссия мүшелері мен жас сарапшылардың қатысуымен «Конституциялық реформаның негізгі қағидалары: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында диалог алаңы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ата заң • 27 Ақпан, 2026

Қазақ ақындары жаңа Конституцияға өлеңмен қолдау білдірді

Айтыскер ақындар жаңа Конституция жобасына қолдауын жыр арқылы жеткізді. Қалам мен жүрек үнін тоғыстырған шығармаларда тәуелсіздік мұраты, ұлттық құндылықтар, табиғатты қорғау, отбасының қоғамдағы орны және мемлекеттілікті нығайту идеялары кеңінен көрініс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика