Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19821 материал табылды

Үкімет • 02 Сәуір, 2020

Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады

Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалымен өткен селекторлық отырыста Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2020 жылға арналған республикалық бюджеті, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 31 наурыздағы тапсырмаларын іске асыру аясындағы дағдарысқа қарсы шаралардың қосымша топтамасы қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Қазақстан • 02 Сәуір, 2020

Қазақстанның автомобиль жолдары саласында ТЖ кезіндегі дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды

Төтенше жағдай кезінде шарттық міндеттемелерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін жол компанияларына айыппұл санкциялары қолданылмайды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 02 Сәуір, 2020

42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» алу жолдары түсіндірілді

Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтардың 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем түрінде мемлекеттік қолдауды қалай ала алатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Руханият • 02 Сәуір, 2020

Мұқтаж жандарға көмектеседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуы салдарынан қалыптасқан жағдай­ға байланысты мәлімдеме жасап, бірқатар маңызды шешімін жариялады.

Қоғам • 02 Сәуір, 2020

Сабыр-шыдамның сыналар шағы...

... Бұл күндері жер-дүниені жайлаған індет бізді де айналып өтпеді. Ауыр күндер туды. Елдің, халықтың сабыр-шыдамы сыналар шақты бастан кешіріп жатырмыз.

Руханият • 02 Сәуір, 2020

Сенімімізді нығайтқан нақты қадам

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл Мәлімдемесі – барлық саланы тегіс қамты­ған маңызды мәлімдеме болды. Шыны керек, барлық қазақстандық Мем­лекет басшысының әр сөзін қатты алаңдау­шылықпен, зор жауапкершілікпен, үлкен үмітпен тыңдады.

Парламент • 02 Сәуір, 2020

Тойларымыз алда!

«Жүре берсең, көре бересің» деуші еді. Мұны да көрдік. Жарты жылға да жетпейтін уақыттың ішінде жер-жаһан бір тарының қауызына сыйды да кетті. Баяғы Нұх пайғамбар кемесінің күйіне келдік те қалдық.

Президент • 02 Сәуір, 2020

Мемлекет басшысы №312 – VI Заңына қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 02 Сәуір, 2020

Қазақ қайда барады?

1.Әндеріміз қайда кетіп барады? Туғанына 175 жыл толуы тойланып жатқан Абай Құнанбайұлының: «Әннің де естісі бар, есері бар...» дегеніндегі «есер» ескірмей-ақ қойды. Театр сахнасынан да, теледидар экранынан да, радио арналарынан да «мен-мұндалап» шыға келеді. Мұхиттың арғы-бергі жағындағы елдердің «жұл­дыздары» айтып жүрген, әннен бұ­рын тақылдақ-бақылдақ тақпаққа ұқ­сайтын жұлқынды, қышқырынды әуенсымақтар біздің «жұлдыздардың» да біразын «баурап алды». Ал жын соққандай құтырық бисымақтары біздің бишісымақтардың талайын ұйқы-күлкіден айырды. Ол «өнеге» бізді іздеп тура келген жоқ, алайда Ресейге жеткен жерінде бас салған еліктегіш-солықтағыштарымыз «ұстаздарынан» асып түспесе, қалып қоймады. Соның бір мысалын, теледидардың көмегімен ресейлік эстрада сахналарының түп-төрінен байқап жүргеніміздей, біздің елордадағы, Алматыдағы сахналардың «көркемделуінен» көрудеміз. Электр қуатымен құбылып, құбыжықтанып, алас-күлес, алқын-жұлқын, айқыш-ұйқыш аударылып, төңкеріліп, дөң­геленіп, ұшып-қонып, көшіп те жатқан сапырынды көріністер. Залды әрі-бері осқылап тұрған электршамдар көзіңді бұлдыратады. Одан беріде, сахнада, әнді сүйемелдеуші аспаптардың даңғыр-дұңғыры, арсыл-гүрсілі, шаң-шұңы әнші даусын анық естіртпейді. Солардан мезі болып, ән-күй тыңдап та, би көріп те мәз бола алмадым да, тұрақ-мекенім Алматының театрларына баруымды шектедім.