Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Атырау: Ақшаға құныққан таксистер ұсталды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында 17 сәуірде карантин мен шектеу талабы күшейтілді. Соған байланысты таксистер қызметіне де тыйым салынған еді. Алайда, ақшаға құнығып, жолаушы тасымалдаған таксистер әлі кездесуде.  

Атырау:  Ақшаға құныққан таксистер ұсталды

– Полиция қызметкерлері тек бір тәулікте (18 сәуір) Атырау қаласында 55 құқық бұзушыны (негізінен автокөлік) ұстады. Ал, 19 сәуірге қараған түні сағат 21:00-ден кейін жолаушылар тасымалдаған 24 жүргізуші  анықталды. Оның ішінде, полицейлер түн ортасында «inDriver» қосымшасы арқылы жеке тасымалдаумен айналысқан үш жүргізушіні тоқтатты. Үшеуі де сағат 20:00-ге дейін жүзеге асырылатын азық-түлік жеткізу тәртібін бұзып, жолаушылар тасымалдаған. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимін бұзу)  әкімшілік хаттамалар толтырылып,  сотқа жолданды.

Сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабын бұзған 3 жүргізушіге де  хаттама толтырылды. Олар автокөлікті  мас күйде басқарған, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Карантиннің күшейтілген талабын бұзған таксистер ақшаға құнығып, ақыны өрескел қымбаттатып жіберген. Таксистер тапсырыс берушілерге бір мекен-жайға жету үшін 3000-нан 5000 теңге аралығында  ақы төлеуді ұсынған.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ