Медицина • 25 Наурыз, 2020
Елорда дәрігерлері мен медбикелері қала тұрғындарынан көмек сұрады (видео)
Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері мен медбикелері қала тұрғындарынан көмек сұрады.
Қоғам • 25 Наурыз, 2020
«Birgemiz» Қоғамдық қорының негізгі 10 қағидаты анықталды
Елбасы, Nur Otan партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесі отырысының 2020 жылғы 23 наурыздағы № 3 хаттамасымен коронавирусқа қарсы күрес жағдайында мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді ұйымдастыруда басшылыққа алынатын негізгі 10 қағидат бекітілді.
Экономика • 25 Наурыз, 2020
Brent мұнайы сәрсенбіде 3 пайызға қымбаттады. Осылайша, мұнайдың бір баррелі 28,16 долларға жетті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Қазақстан • 25 Наурыз, 2020
21 қазақстандық азамат Қырғызстаннан эвакуацияланды
Қазақстан азаматтарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңға дейін Қырғызстан Республикасында болған қазақстандықтар өз отандарына эвакуацияланды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 25 Наурыз, 2020
Барлығы 79 науқас: Қазақстанда тағы 7 адам індет жұқтырды
Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус індетін жұқтырды. Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қазақстанда 25 наурыз, 09:40-қа дейін коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам бар. Оның екеуі - Алматыда, бесеуі - елордада тіркелген.
Коронавирус • 25 Наурыз, 2020
Коронавирустан емделген бірінші қазақстандық ауруханадан аптаның соңында шығуы мүмкін - Е.Біртанов
Осы аптаның соңында коронавирустан емделген қазақстандықтар ауруханадан шығарылуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.
Білім • 25 Наурыз, 2020
Қыздар университетінде 810 пән онлайн оқытылуда
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында қашықтан оқыту технологиясы бойынша атқарып жатқан жұмыстарын пост арқылы тұрақты жарияламақ.
Қоғам • 25 Наурыз, 2020
Тексеруді тоқтата тұруды сұрады
Бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов ел Премьер-Министрі мен Бас прокурорға кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспарланған тексерістерді Қазақстанның барлық аумағында жарияланған төтенше жағдай мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында енгізілген карантин аяқталғанға дейін кейінге қалдыру бойынша шаралар қабылдауды сұрап хат жолдады.
Руханият • 25 Наурыз, 2020
Әлеуметтік көмек көрсетуге кірісті
Nur Otan партиясы мен Jas Otan жастар қанатының белсенділері көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетуді жалғастыруда. Акция Қазақстанның барлық аймақта, соның ішінде елорда және Алматы қаласы маңындағы елді мекендерде өтуде. Мәселен, бүгінде 720 отбасы атаулы көмек алды. Jas Otan ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, еріктілер күн сайын 400 үйге барады.
Қоғам • 25 Наурыз, 2020
KAZ Minerals тобының басшылығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына коронавирустық пандемияға қатысты үндеуін және атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Үкіметтің осы қиын кезеңдегі әрекеттерін қолдауға шақырғанын қолдайды.