Аймақтар • 12 Сәуір, 2020

Атырау: Дәрігерлерге үстемеақы үшін 959 млн теңге бөлінді

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге жалақысына қосымша  үстемеақы ала бастады.

Атырау: Дәрігерлерге үстемеақы үшін  959 млн теңге  бөлінді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы Атырау облысындағы коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан медицина ұйымдарының қызметкерлеріне жалақыға қосымша үстемеақы  төлеу үшін 959 миллион  997 мың теңге бөлініпті.

- Ал, 9 сәуірден бастап қордың Атырау облысы бойынша филиалымен медицина ұйымдарына алдын ала төлем жүргізілді. Оның ішінде облыстық жедел жәрдем станциясына  20 миллион теңге, облыстық және аудандық ауруханаларға 268 миллион  теңге аударылды. Медицина ұйымдарының қызметкерлері тиісті үстемеақыларын алды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жағдайға үнемі жан-жақты талдау жасап отыр. Медициналық ұйымдарды қаржыландыру тоқтатылмайды. Бұл тиісті кесте бойынша жүргізіле береді, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ